Біздің мақсатымыз - Сіздің деніңіздің саулығы!
Білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған стационарлық көмек
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының (АККА) ресми сайтына қош келдіңіз!
Келесі парақшаларда біздің ауруханамен және онда көрсетілетін қызметтермен таныстырамыз. Біз Сіздің денсаулығыңыздың неғұрлым тез арада қалпына келуін қалаймыз!
"Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК 2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін медициналық көмектің мынадай түрлері мен нысандары бойынша көрсеткенін хабарлайды:
КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
46 төсек орналастырылған. Оның iшiнде бейiнi бойынша: 4 пульмонологиялық 5 нефрологиялык, 37 кардиологиялық
НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІ
ми кан айналымы бузылган науқастар ушн (инсульт) 29 төсек бар
ХИРУРГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІ
38 төсекке, оның iшiнде бейнi бойынша: 28 жалпы хирургиялық, б тамырлы, 4 проктологиялық бағытта
ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
20 төсекке орналастврылған, оның iшiнде бейiнi бойынша: 7 гастроэнтерологиялык 3 гематологиялык, 7 эндокринологиялык, 3 токсикологиялық бағыт
УРОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
16 төсек
ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
18 тесекке
ОТОЛАРИНГОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
20 төсекке
ЖАҚ- БЕТ ХИРУРГИЯСЫ БӨЛIМI
на 20 төcекке
ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСI
35 төсекке, оның iшiнде бейiнi бойынша: 23 травматологиялық, 12 ортопедиялык төсек бар.
НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
25 төсекке
ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
25 төсекке
ПЕРЗЕНТХАНА БӨЛІМІ
68 төсекке, оның ішінде 40 орын жүктi және босанатын әйелдер ушiн, 20 потологиялық науқастарға, 8 жаңа туылған нәрестелерді қарауға арналған орындар
Біз туралы:

«Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» Мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны бір жарым миллионнан астам халқы бар Алматы облысының оңтүстік өңірінің тұрғындарына 60 жылдан астам уақыт сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді.

Осы уақыттың ішінде адам денсаулығының арашасы ретінде аурухана қызметкерлері Алматы облысы тұрғындарын емдеуде өз үлестерін молынан қосып, сондай-ақ бұл ұжым медициналық көмек көрсету саласында өзіндік дәстүрі бар ұжым болып қалыптасты.

Кәсіпорын тұрғындар қажеттілігін қамтамасыздандыруға жеткілікті мамандармен және медицина құралдарымен жабдықталған. Мамандардың кәсіби дәрежесін барынша жетілдіру мен заманауи құрал-жабдықтарды өзімізге тарту жұмыстары аурухана әкімшілігі тарапынан кеңінен жүргізілуде, бұдан әрі қарай да жалғасын таба бермек.

Қазіргі таңда клиникада 128 дәрігер, олардың 45-і жоғары дәрежелі, 15-і бірінші категориялы, 4-і екінші категориялы дәрігерлер. Орта медицина қызметкерлер саны 292, олардың 124 жоғары дәрежелі, 32 бірінші категориялы, 10 екінші категориялы қызметкер.

Клиника материалдары бойынша докторлық 4, кандидаттық 20 диссертация қорғалды. Клиникада 9 м.ғ.д., 13 м.ғ.к., 4 доцент, 2 еңбек сіңірген дәрігер жұмыс істейді. Және 3 қызметкер арнаулы орденмен марапатталған.
Жаңалықтар
-
9 сағатқа созылған күрделі операция: Алматы облысының дәрігерлері ауыр жарақат алған науқастың бет құрылымын қалпына келтірді
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері жақ-бет аймағының ауыр біріктірілген жарақатын алған науқасқа күрделілігі жоғары бірегей операцияны сәтті жүргізді. Мұндай жағдайлар тек өңірлік деңгейде ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша да сирек кездеседі. Науқас ауруханаға бет сүйектерінің көптеген сынықтарымен өте ауыр...
-
95 жаста – жаңа өмір: кесусіз жасалған күрделі операция науқастың өмірін сақтап қалды
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігерлер 1931 жылы туған, 95 жастағы науқасқа бірегей жоғары технологиялық ота жасады. Оған аорталық қақпақша транскатетерлік әдіспен (TAVI) ауыстырылды. Ең бастысы — операция кеуде қуысы ашылмай, жүрек тоқтатылмай жүргізілді. Аорталық стеноз – егде жаста жиі кездесетін...
-
Медициналық қызметкерлердің құқықтық қорғалуын күшейту үшін медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолданғаны немесе қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойылды.
Өкінішке қарай, пациенттер мен олардың туыстары тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық жиілеп барады. Бұл мүлде жол берілмейтін жағдай және қатаң құқықтық жауапты талап етеді. Енді мұндай қылмыстар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жасалған қол сұғушылықтармен теңестірілді. Қазақстан Республикасының Президенті медициналық қызметкерлердің денсаулығы мен...
-
Референдум
15 наурызда өтетін республикалық референдумға орай Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының аумағында №409 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұл стационарда ем қабылдап жатқан барлық пациенттерге медициналық ұйымнан шықпай-ақ маңызды қоғамдық шараға қатысуға мүмкіндік береді. Сайлау учаскесі Орталық сайлау комиссиясының талаптары мен стандарттарына...
-
Медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорғау күшейтілді
Қазақстанда медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілеріне қатысты қорқыту немесе күш қолдану үшін жауапкершілікті күшейтетін жаңа заң қабылданды. Қылмыстық кодекске 380-3-бап енгізілді, ол қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлерін қорғауды күшейтеді. Заң не қарастырады: 🔹 Күш қолданамын деп...
- Алматы көпсалалық клиникалық ауыруханасы
- Пошта мекенжайы: 050019, Қазақстан, Алматы, к. Демченко, 83б
- Телефон: +7 (727) 399-38-02
- Факс: +7 (727) 399-38-89
- Электрондық пошта: amkb_pr@mail.ru
- Instagram: @almobl_amkb
































