АККА дәрігерлері 2026 жылғы 4–5 қыркүйекте Астанада халықаралық қатысумен өткен «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ-ның IX халықаралық конгресінің жұмысына онлайн қатысты.
Конгресс анестезиология, реаниматология, қарқынды және периоперациялық терапия саласындағы заманауи тәсілдерді талқылау мен тәжірибе алмасу үшін Қазақстан және шетел мамандарын біріктірді.
Конгрестің басты тақырыбы — «Дәлелдер мен технологиялардан клиникалық шешімге дейін». Ғылыми бағдарлама аясында заманауи медицина ғылымының мәселелері, жаңа технологияларды енгізу, клиникалық ойлау, пациенттер қауіпсіздігі және медициналық көмек сапасын арттыру қарастырылды.
АККА мамандарының осындай халықаралық білім беру іс-шараларына қатысуы әлемдік үрдістерден хабардар болуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және озық тәсілдерді күнделікті жұмысқа енгізуге мүмкіндік береді.



