Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігер-офтальмологы Ақылбек Бақытжан Бағланұлы кәсіби қызметі, еңбегі және медицина саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақ қоғамының қайраткері» медалімен марапатталды.
Ақылбек Бақытжан Бағланұлы 1994 жылғы 10 желтоқсанда Түркістан облысы Түлкібас ауданының Шақпақ баба ауылында дүниеге келген.
2000–2012 жылдары С. Бреусов атындағы жалпы білім беретін орта мектепті үздік бітіріп, «Алтын белгі» иегері атанды.
2012–2017 жылдары С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
2017–2019 жылдары «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша интернатурадан, 2019–2022 жылдары «Офтальмология» мамандығы бойынша резидентурадан өтті.
2022 жылдан бері Ақылбек Бақытжан Бағланұлы Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігер-офтальмолог болып қызмет етеді.
Ақылбек Бақытжан Бағланұлын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Кәсіби табыс, жаңа жетістіктер және алдағы жеңістер тілейміз!
