АККА травматология бөлімінде шетелдік дәрігерлермен мастер-класс өтті

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының травматология бөлімінде Үндістаннан келген дәрігерлермен «ірі буындарды эндопротездеу» тақырыбында мастер-класс өтті.
Буынды эндопротездеу – бұл тірек-қимыл аппараты ауруларын хирургиялық емдеудің ең заманауи әдістерінің бірі, оның барысында буынды құрайтын патологиялық өзгерген құрылымдар жасанды протездермен (имплантаттармен) ауыстырылады.
Олар сау буынның анатомиялық пішініне ие және қозғалыстың барлық көлемін орындауға мүмкіндік береді. Осындай операциялардан кейін науқас буындардағы ауырсынуды ұмытып, белсенді өмірге қайта оралуға мүмкіндігі бар.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында ірі (тізе, жамбас, иық, мойын) және кіші (саусақ буындарын) буындарды эндопротездеу бойынша операциялар тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Дәрігерлер әлемдегі жетекші (Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Үнді) және отандық өндірушілердің заманауи эндопротездерін қолданады

АККА травматология бөлімінде шетелдік дәрігерлермен мастер-класс өтті