АККА дәрігерлері сүйекті жұтып қойған әйелді құтқарды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері сүйекті жұтып қойған науқасты құтқарды.

Әйел қабылдау бөліміне тамақ пен іштің ауыруы туралы шағымдармен келді. Төрт күн бұрын ол тамақ ішіп жатқанда сүйекті жұтып қойғанын айтты.

«Сүйек тамағыма кетіп қалғанда мен дереу біздің аудандық ауруханаға бардым, мені тек амбулаториялық емделуге жіберді.

Тамағымның ауырғаны кетпей мен жеке клиникаға бардым, олар мені облыстық ауруханаға жіберді», – дейді науқас.

Тексеру барысында дәрігерлер өңештің іш қуысының шырышты қабығында өткір сызықтық жыртылулары пайда болуын анықтады.

«Бастапқыда хирургиялық араласу арқылы сүйекті алу мәселесі туындады, өйткені шырышты қабықтың жарылуы болды және сүйек ағзада төрт күннен астам болды. Бірақ, консилиум эндоскопиялық емдеу әдісін жүргізу туралы шешім қабылдады»,-дейді клиникалық-диагностикалық бөлімшенің дәрігері Данияр Қожантайұлы.

Айта кетейік, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері диагностика мен емдеудің аз инвазивті эндоскопиялық әдістерін кеңінен қолданады, олар көптеген жағдайларда классикалық жедел хирургия әдістерін тиімді алмастырады. Ағзада хирургиялық пышақ тимеген соң, мұндай араласулардан кейін науқастың оңалуы әлдеқайда жылдам өтеді. Қазір кезде науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

АККА дәрігерлері сүйекті жұтып қойған әйелді құтқарды