Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының пренаталдық диагностика дәрігерлері мен генетиканың штаттан тыс дәрігерлері, еліміздің 20 өңірінен келген Ультрадыбыстық диагностика мамандары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс генетигі және пренаталдық Ультрадыбыстық диагностика үйлестірушісі медицина ғылымдарының докторы Ж. Құрманғалимен бірге біліктілікті арттыру курсвнан өтуде.
Оқу Санкт-Петербург қаласында (РФ) Д.О. Отто атындағы Акушерлік, гинекология және Репродуктология ҒЗИ базасында өтіп жатыр.
Бұл профильдің мамандары туа біткен ақаулары және хромосомалық патологиясы бар балалардың тууын азайту мақсатында жаңа білім алып, тәжірибе алмасады. Оқыту курстары «Қазақстан Халқына» Қоғамдық қорының және ДСӘДМ жетекшілігінің қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды.
Оқыту барысында профессорлар ұрық материалын зерттеудің цитогенетикалық, молекулалық-цитогенетикалық әдістерін (ФИШ әдісі), молекулалық-генетикалық әдістерді (ПТР, КФ-ПТР, толық экзомдық секвенирлеу) қолдану ерекшеліктерін үйретеді.
АККА дәрігерлері курс оқытушыларымен бірлесіп клиникалық жағдайларды талдап, ұрықтың туа біткен ақаулары мен генетикалық патологиясын анықтау кезінде жүкті әйелдердің тактикасы мен басқару мәселелерін белсенді талқылады. Пренатальды диагностикадағы медициналық-генетикалық кеңес беру ерекшеліктері, пациенттерді бағыттауды үйреніп, Ультрадыбыстық диагностика мамандары инвазивті процедураларға қатысты.