Мадигулов Қожай Рапилбекұлы-АККА урология бөлімінің меңгерушісі

Қожай Рапилбекұлы жоғары санатты уролог-дәрігер, 2002 жылы ОҚММА-ны «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп, одан әрі ОҚММА базасында «Урология» мамандығы бойынша оқуын жалғастырды, 2004 жылы урология бойынша бастапқы мамандығын, эндоскопиялық урология мамандығын алды және АГИУВ-да урологияның жалпы мәселелері бойынша мамандандырудан өтті.

Жалпы жұмыс өтілі 19 жыл. Еңбек жолын 2004 жылы ЦГКБ урология бөлімшесінде уролог-дәрігер, Алматы қ. №7 МКБ-да урология бөлімшесінде уролог-дәрігер және созылмалы бағдарламалық гемодиализ бөлімшесінде нефролог-дәрігер, қалалық жедел жәрдем ауруханасында урология бөлімшесінде уролог-дәрігер және «гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі болып істеді.
2016 жылдан бастап Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының урология бөлімшесінің меңгерушісі қызметінде.

Қожай Мадигулов жоспарлы және шұғыл оталарды жедел араласуының толық көлемін орындап, сондай-ақ заманауи жабдықта эндоурологиялық операциялар жүргізеді.

2019 жылы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталған.

Мадигулов Қожай Рапилбекұлы-АККА урология бөлімінің меңгерушісі