Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры  лауазымының бос орнына конкурс жариялау 

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Демченко көшесі, 83/б, почта индексі 050019, телефон 7 (727) 8993802, 8 (727) 3993899, факс: +7 727 3993899, е-mail:amkb pr@med.mail.kz

ШЖҚ «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК – Алматы облысы мен Алматы қаласының тұрғындарына көпбейінді мамандандырылған жоғары технологиялық жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Клиникада МСКТ, ангиографты қосқанда заманауи диагностикалық аппаратуралармен, жабдықталған және ПТР анықтау зертханасы, клинико – диагностикалық бөлімше, рентген кабинет, УДЗ, эндоскопиялық кабинеттері және басқа да жоғары сапалы медициналық көмек көрсету қызметтері бар.

 

2.Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Медицина саласында жоғары білім,  «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық»; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «Денсаулық сақтау» білім беру бағыты бойынша білім және (немесе) «Бизнес және құқық»; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

  • медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін — кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

 

3.Білуі керек:

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

  • қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
  • денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
  • басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
  • медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
  • денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
  • халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
  • отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;

— төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;

 

4.Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

 

5.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысуға өтінім; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; кез келген нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

2) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және бұзу туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/у нысанындағы денсаулығы туралы анықтама (қайта тіркелген) № 6697 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі;

4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін кәсіпорынға электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды ұсынады.
  2. Құжаттардың түпнұсқасы сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Егер олар ұсынылмаса, ниет білдіруші конкурстан өтуге жіберілмейді.

 

  1. Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысуға өтінімдер беру уақыты құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында  конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде  қабылданады.
  2. Конкурс өткізу күні құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама телефон арқылы, электронды адреске және қатысушылардың ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
  3. Конкурс өткізу орны  Алматы қаласы, Медеу ауданы, Демченко көшесі, 83/б, почта индексі 050019, телефон 7 (727) 8993802, 8 (727) 3993899, факс: +7 727 3993899, е-mail:amkb pr@med.mail.kz

 

 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялау