
Қазақстанда медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілеріне қатысты қорқыту немесе күш қолдану үшін жауапкершілікті күшейтетін жаңа заң қабылданды.
Қылмыстық кодекске 380-3-бап енгізілді, ол қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлерін қорғауды күшейтеді.
Заң не қарастырады:
🔹 Күш қолданамын деп қорқыту –
200–500 АЕК көлемінде айыппұл, түзету немесе қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.
🔹 Осы әрекет төмендегі жағдайларда жасалса:
* екі немесе одан да көп адамға қатысты,
* топ болып немесе алдын ала сөз байласу арқылы,
* қайталанып,
* ТЖ жағдайында, жаппай тәртіпсіздік кезінде,
* төтенше жағдай жарияланған аумақта —
жаза 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін күшейеді.
🔹 Өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану –
500–1000 АЕК айыппұл, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 2–3 жылға дейін бас бостандығын шектеу/айыру.
🔹 Бұл күш қолдану топпен, қайталап немесе ТЖ жағдайында жасалса —
жаза 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
🔹 Өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану –
5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
🔹 Ал топпен, қайталап немесе ТЖ жағдайында жасалған ауыр күш қолдану –
7–12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеледі.
Бұл заң — күн сайын адам өмірін құтқаратын медицина мамандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
⚠️ Егер медицина қызметкеріне қорқыту, қысым жасау немесе шабуыл әрекетіне куә болсаңыз — дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.
