Дәріс беруші — жоғары санатты дәрігер, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің инфекциялық аурулар жөніндегі тәуелсіз сарапшысы Утаганова Тамара Кустаевна болды.

“Аса қауіпті инфекцияларға айрықша эпидемиялық қауіп төндіретін аурулар жатады. Әрбір медициналық мекемеде осындай инфекцияларға күдікті науқас анықталған жағдайда жедел іс-қимыл жоспары бар.
Егер аса қауіпті инфекцияға күдік болса, ең алдымен, бекітілген схемаға сәйкес лауазымды тұлғаларды хабардар етіп, жиналыс өткізіледі. Диагнозды нақтылау үшін бас дәрігерге уақтылы хабарлау және Кеңесшілер тобын шақыру маңызды.
Диагноз расталған кезде ауруханада шектеу шаралары енгізіледі:
— бөгде адамдардың корпустарға және аурухана аумағына кіруіне тыйым салынады;
— аурухана бөлімшелерінде эпидемияға қарсы қатаң режим енгізіледі;
— бөлімше бойынша науқастар мен персоналдың қозғалысына тыйым салынады;
— бөлімшеде сыртқы және ішкі бекеттер қойылады”, — деді Тамара Кустаевна.

Дәріс беруші — жоғары санатты дәрігер, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің инфекциялық аурулар жөніндегі тәуелсіз сарапшысы Утаганова Тамара Кустаевна болды.