
2025 жылғы 14–15 тамызда Шымкент қаласында Қазақстандық атеросклероз қоғамының II съезі өтті. Форум жұмысына кардиология, нефрология, терапия, липидология және жалпы практика саласының жетекші мамандары қатысты. Конференция гибридті форматта өткізіліп, Қазақстан мен шетелдік медициналық қауымдастық өкілдерін біріктірді.
Съезд барысында аймақтарда атеросклероз бойынша Жол картасын іске асыру нәтижелеріне ерекше назар аударылды.
Кемерова Айжан Серікқызы – Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының гемодиализ бөлімінің нефролог-дәрігері, денсаулық сақтау магистрі, Алматы облысы бойынша атеросклерозға қарсы Жол картасының координаторы – Қазақстандағы үздік координаторлардың бірі ретінде аталды.
Ғылыми бағдарлама аясында Айжан Серікқызы «Семіздік пен гипертриглицеридемия: бір синдромның екі қыры» тақырыбында баяндама жасап, кәсіби қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды және қызу талқылауға негіз болды.
Қазақстандық атеросклероз қоғамының II съезі тәжірибе алмасуға, жаңа ғылыми деректерді ұсынуға, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу мен емдеудегі заманауи тәсілдерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы мамандарының еңбегінің мойындалуы олардың кәсібилігінің жоғары деңгейін және Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесін көрсетеді.
