Гастроэнтеролог, гематолог дәрігері — Сабирова Резуан, уролог дәрігері — Сафаргалиев Малик Ербатырұлы, оториноларинголог дәрігері — Қазыбаев Нұрбол Ақылбекұлы, қантамырлар хирур дәрігері — Кумарров Жайик Нурланұлы және кардиолог дәрігері Турсагатова Айгуль Задаканқызына жиналған науқастар шағымдарын айтып, жоғары деңгейдегі медициналық көмекті алып қайтты.
«Облыстан келген дәрігерлер мықты екені көрініп тұр, бәрімізді тез қабылдап, дәрі-дәрмектерге жолдама берді. Біреулерді облысқа жіберіп жатыр. Мен өзім жүрегім ауырып келгенмін, тыңдап ақау бар деп айтып, алдағы еміме бағыт беріп кетті, рахмет» — дейді науқастардың бірі.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының білікті дәрігерлері Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының Аудандық ауруханасында ашық есік күнін өткізіп, 80-ге жуық науқасты қабылдады.