АККА қызметкерлері «Код көк» бойынша базалық курстан өтті

«Код Көк» – бұл медициналық ұйымдағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда қолданылатын сигналдардың бірі. Ол негізгі жедел немесе реанимациялық көмек қажет болған кезде беріледі. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында «Көк Код » сигналы бойынша көмек көрсету Күн сайын тәулігіне 24 сағат жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде АККА базасында «Код көк» іске қосылған кезде медперсоналдың іс-қимыл алгоритмі бойынша демонстрация және оқыту өткізілді. Оқытуға дәрігерлер, кіші және орта медициналық қызметкерлер қатысты.

Нақты уақыт режимінде қабылдау бөлімшесінің медицина қызметкерлерінің базалық медициналық көмек көрсету дағдыларын (BLS) көрсету жүргізілді.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қызметкерлер арасында қызу пікірталас және өзекті сұрақтарға жауаптар берілді, «Код көк» іске қосылған кезде персоналдың жауап беру нюанстары талқыланды.

АККА қызметкерлері «Код көк» бойынша базалық курстан өтті