АККА травматолог дәрігерлері тізе буынын ауыстыру бойынша ота жүргізді

АККА травматолог дәрігерлері тізе буынын ауыстыру бойынша ота жүргізді
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жоспарлы түрде тізе ауруына шағымданған науқас келіп түсті. Толық консультациядан кейін травматолог дәрігер тізе буынының деформацияланатын артрозы диагнозын қойды.
Тізе буынының деформацияланатын артрозы (гонартроз) – бұл шеміршек, сүйек беттері, байламдар мен менискалар қайтымсыз тозатын күрделі патологиялық жағдай.
Гонартроздың белгілері тізе буынының ауыруы арқылы көрінеді, ол біртіндеп өсуі мүмкін, алдымен қозғалғанда, содан кейін жәй отырған кезде де қақсаған ауыру пайда болады. Аяқ-қолдың тірек қабілетінің шектелуі, тізе буынының функционалдығы және тізе буынына қатысты жіліншіктің сыртқа немесе ішке қарай қисаюы пайда болцы мүмкін.
Деформацияланатын тізе артрозының себептері Деформацияланатын құбылыстардың дамуына әкелетін тізе жарақаттары немесе ота болуы мүмкін (жарақаттан кейінгі артроз), Деформацияланатын патологиялардың тұтас кешенін және ревматоидты полиартритті тудыратын шеміршектің бұзылуы да ауру себептерінің бірі.
«Гонартроз шеміршектегі дегенеративті – дистрофиялық процестерге байланысты пайда болады. Шеміршек жұқарады, қабыршақтанады және жарылады. Біраз уақыттан кейін ол мүлдем жоғалып кетуі мүмкін, содан кейін сүйек ашылады. Бұл жағдайда сүйек тығыздалады және өседі, остеофиттер немесе «тікенектер» түзеді және деформацияланады. Кейінірек байламдар да, буын капсуласы да патологиялық процеске қатысады. Бұл жағдайда пациент 70 жаста еді, біз тізе буынын эндопротездедік, яғни зақымдалған буынды жасанды буынға ауыстырдық», – дейді травматолог дәрігер Бекзат Бейсенов.

АККА травматолог дәрігерлері тізе буынын ауыстыру бойынша ота жүргізді