АККА-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының директоры Эльмира Берикова комплаенс офицермен бірлесіп клиниканың ұжымымен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселесі көтерілді.
Жалпы, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық-бұл ақшалай немесе материалдық емес игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алу мақсатында медицина қызметкерлерінің өз қызметтік жағдайын пайдалануынан көрінетін теріс әлеуметтік-құқықтық құбылыс. Сондай-ақ азаматтардың денсаулық сақтау және медициналық көмек алу құқықтарын іске асыру саласындағы қалыпты қоғамдық қатынастарды бұзады.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының Комплаенс офицері тұрақты негізде қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және пациенттер арасында құқықтық консультациялық көмек көрсету бойынша акциялар ұйымдастырады.

АККА-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді