АККА-да қол мен білекке ота  жасалды

Қол-адам ағзасының ажырамас бөлігі.
Білектің біздің өмірімізде белсенді қатысуы оның жиі жарақаттануына да әкеледі.  Оның жұмысының бұзылуы адамға үлкен ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.

Қолдың күрделі анатомиялық құрылымы саусақтардың белсенді үйлестірілген қозғалыстарына да, терінің сезімталдығына да байланысты.

Бұл бір құралды байлап тұрған сүйектердің, буындардың, бұлшықеттердің, сіңірлердің, байламдардың, нервтердің және тамырлардың тұтас жиынтығы.

Тек тәжірибелі хирургтар мен травматологтар жоғары дайындық деңгейімен және үлкен жұмыс тәжірибесімен білек функциясын қалпына келтіре алады.

«Қол құрылымдарының кішкентай мөлшерін ескере отырып, мысалы  саусақ нервтері мен тамырларының диаметрі небәрі 1 мм, хирургиялық емдеуде микрохирургиялық техника жиі қолданылады», – дейді травмотолог дәрігер Бекзат Бейсеханұлы.
Микрохирургия-бұл бұзылған білек және қол  функцияларын қалпына келтіруе отырып,  зергерлік дәлдікпен қол жеткізуге мүмкіндік беретін ең қиын деңгей.

Осы орайда Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері спорттық жарақат алған науқасқа қолдың зергерлік жұмысын жүргізді.

АККА-да қол мен білекке ота  жасалды