15 наурызда өтетін республикалық референдумға орай Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының аумағында №409 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұл стационарда ем қабылдап жатқан барлық пациенттерге медициналық ұйымнан шықпай-ақ маңызды қоғамдық шараға қатысуға мүмкіндік береді.

Сайлау учаскесі Орталық сайлау комиссиясының талаптары мен стандарттарына сай ұйымдастырылады. Өздігінен жүріп-тұра алатын пациенттер үшін аурухананың арнайы жабдықталған аймағында дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.

Төсек тартып жатқан және қозғалысы шектеулі пациенттерге арналған ерекше тәртіп te қамтамасыз етіледі. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бөлімшелерді аралап, палатадағы пациенттерге жылжымалы сайлау жәшігі арқылы дауыс беру мүмкіндігін ұсынады. Бұл – әрбір пациенттің денсаулық жағдайына қарамастан референдумға қатысу құқығын толық жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Аурухана әкімшілігі мен сайлау комиссиясы пациенттерді ақпаратқа назар аударуға, сұрақтарды медицина қызметкерлерінен нақтылап алуға және жеке басын куәландыратын құжаттарды алдын ала дайындауға шақырады.

Референдум