Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында аса маңызды зертханалық көрсеткіштердің диагностикасын едәуір жеделдетуге мүмкіндік беретін FINECARE™ Plus озық анализаторы іске қосылды.
Бұл құрылғыны енгізу – жоғары технологиялық және жедел зерттеу әдістерін дамытуға бағытталған аурухананың стратегиялық жоспарымен толық сәйкес келеді.
АККА пациенттеріне қолжетімді негізгі мүмкіндіктер:
•Тропонин — инфаркт пен жедел коронарлық синдромдарды жедел диагностикалау.
•D-димер — тромбоз және тромбоэмболияны жоққа шығару.
•Прокальцитонин (PCT) — сепсис және ауыр бактериялық инфекцияларды ерте анықтау.
•BNP/NT-proBNP — жүрек жеткіліксіздігін бағалау.
Анализатор 20 минут ішінде бір мезетте 20 пациентке дейін нәтиже шығара алады. Бұл реанимация бөлімшелері, ҚРО П/П және шұғыл қызмет үшін аса маңызды артықшылық болып табылады.
Finecare™ Plus енгізудің артықшылықтары:
•диагноз қою уақытын қысқартады;
•тест нәтижелерінің дәлдігін арттырады;
•медициналық қызметкерлердің жүктемесін азайтады;
•төтенше жағдайларда жедел клиникалық шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында FINECARE™ Plus заманауи анализаторы орнатылды
