Майра Мұсайқызы – 2005 жылы С. Д. Асфендиров атындағы ҚазҰМУ «емдеу ісі» факультетін бітірген. 2006 жылы терапевт дәрігері ретінде интернатурадан өтті. 2018 жылы ересектер мен балалар арасындағы нефрологиясы бойынша халықаралық инновациялық ғылыми-білім беру орталығын аяқтады. 2022 жылы «Қазақстан-Ресей медициналық университетінде» магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында Анестезиология және реанимация бөлімшесінде реаниматолог дәрігер болып бастады, 2010 жылдан 2013 жылға дейін нефролог дәрігері ретінде қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап АККА гемодиализ бөлімінің меңгерушісі ретінде жұмыс істейді. Бұдан басқа, Майра Мұсайқызы Алматы облысының нефрологиялық қызмет бойынша өңірлік үйлестірушісі болып табылады.
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының және Алматы қаласы Медеу ауданының әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. Одан бөлек, «Алтын дәрігер» төсбелгісіне ие.