Название операции Профиль койки
1 Қатерлі артериялық гипертензия кезіндегі бүйрек денервациясы Кардиологиялық
2 Церебральді артериялар мен синустардың тамырішілік тромболизисі Неврологиялық
3 Жамбас ағзаларының, жатыр артерияларының тамырларын эндоваскулярлық эмболизациялау Гинекологиялық
4 Бүйрек, бүйір, сан артериаларын стенттеу Тамыр хирургиясы
5 Жамау түріндегі тіндік трансплантатты пайдалана отырып, қан тамырын қалпына келтіру Тамыр хирургиясы
6 Жамау түріндегі синтетикалық имплантатты пайдалана қан тамырын қалпына келтіру Тамыр хирургиясы
7 Экстраплевральді пневмолиз және миниторакотомды қол жеткізумен өкпе булласын бейнеторакоскопиялық тігу Хирургиялық
8 Өт жолын эндоскопиялық стенттеу Хирургиялық
9 Ұйқы безінің кистасын катетермен дренажы Хирургиялық
10 Ұйқы безінің кистасын марсупиализациялау Хирургиялық
11 Ұйқы безінің кистасының ішкі дренажы Хирургиялық
12 Капсулалық қаптың пластикасымен транссклеральді ИОЛ фиксациясылау арқылы сублюксацияланған көз бұршағының факоэмульсификациясы Офтальмологиялық
13 Басқа имплантты синхронды енгізе отырып, көз алмасының энуклеациясы Офтальмологиялық
14 Тригеминальды жүйке тамырының декомпрессиясы Нейрохирургиялық
15 Басқа бас сүйек-ми нервінің декомпрессиясы Нейрохирургиялық
16 Тері арқылы вертебропластика Нейрохирургиялық
17 Ішкі транспедикулярлық жүйелермен және кейдждермен фиксациялап, алдыңғы жету әдісімен бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондилодезі Нейрохирургиялық
18 Жамбас буынын толық ауыстыру Травматологиялық
19 Бұғаттайтын экстрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациялаумен иық сүйегінің сынықтарының жабық репозициясы Травматологиялық
20 Бұғаттайтын экстрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациясымен білек және шынтақ сүйектерінің  жабық репозициясы Травматологиялық
21 Бұғаттайтын экстрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациясымен иық сүйегінің сынықтарының жабық репозициясы Травматологиялық
22 Бұғаттайтын экстрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациясымен сан сүйегінің сынықтарының жабық репозициясы Травматологиялық
23 Бұғаттайтын экстрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациясымен тибия және фибула сүйектерінің сынықтарының жабық репозициясы Травматологиялық
24 Бұғаттайтын экстрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациямен басқа анықталған сүйектің сынықтарының ашық репозициясы Травматологиялық
25 Төстікше ауыстырумен стапедэктомия Оториноларингологиялық
26 Көмейдің эндоскопиялық микроларингохирургиясы Оториноларингологиялық
27 Пубо-цервикальді және жамбас фассиясының торлы протезбен тұтас экстраперитонеальді репозициясы Гинекологиялық
28 Лапароскопиялық абдоминальді гистерэктомия Гинекологиялық
29 Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының биполярлы трансуретральді резекциясы Урологиялық
30 Қуық-қынаптық жыланкөз Урологиялық
31 Инфравезикалық обструкция кезіндегі хирургиялық әрекеттер Урологиялық

 

Сондай-ақ, жіті коронарлық синдромы (ЖКС) бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмек шеңберінде коронароангиография және коронарлық артерияларды стенттеу, тамырішілік тромболизистік терапия жүргізіледі.

Кардиологиялық бөлімшеде тыныс алу мүшесінің, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, бүйрек аурулары (әсіресе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі) бар науқастар емделеді.

Гастроэнтерологиялық бөлімде асқазан-ішек жолдарының аурулары, эндокринологиялық аурулар, қан және қан түзетін мүшесінің аурулары, уланған науқастар емделеді.

Неврологиялық бөлімде ми қан айналымы бұзылған және оның салдары бар науқастар, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің асқынған аурулары бар науқастар негізгі ем алады.

Хирургиялық бөлімше жағдайында кеуде қуысы, іш қуысы мүшелеріне, қан тамырларына оталар жасалады.

Нейрохирургиялық бөлімшеде орталық жүйке жүйесінің, жұлынның жарақаттық аурулары, омыртқа аурулары және олардың салдары бар науқастар ем қабылдайды.

Травматология бөлімшесінде жарақаттар мен жазатайым оқиғалар нәтижесінде  болған жарақаттары бар науқастар емделеді, сондай-ақ жамбас буынын эндопротездеу жасалады. Ол электрондық-оптикалық түрлендіргіштің көмегімен ота жүргізеді, соның ішінде бұғаттайтын экстрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациясымен сүйек сынықтарын репозициялау.

Офтальмологиялық бөлімшеде көз ауруларын консервативті және оперативті емдеу жүргізіледі. Сондай-ақ, катаракта, глаукома, көз алмасының дегенеративті жағдайлары кезінде оталар жасалады.

Оториноларингологиялық бөлімшеде науқастар ЛОР-мүшелері ауруынан консервативті және оперативті ем алады.

Жақ-бет хирургиясы бөлімінде бет және мойын тұсындағы қабыну аурулары, бет қаңқасы сүйектерінің сынуы, бет сүйегінің ісіктері емделеді.

Урология бөлімінде зәр шығару жүйесінің ауруларын консервативті және хирургиялық емдеу жүргізіледі.

Гинекологиялық бөлімшеде әйелдер гинекологиялық аурулар және жүктіліктің 22 аптасына дейін асқыну барысы бойынша ем алады.

Перзентхана бөлімшесінің құрамына жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі, босанатын әйелдерге арналған бөлімше және жаңа туған нәрестелер патологиясымен шала туған балаларды күту бөлімшесі кіреді.