ТАРИХЫ

АККА хирургия бөлімшесі аурухана ашылған күннен бері істеп келеді.

Бөлімшенің алғашқы меңгерушісі Николай Колосовский бөлімшенің пада болуына, ұжымның қалыптасуына, білікті кадрлар дайындауға үлкен үлесін қосты.

1980 жылдары бөлімшенің меңгерушісі болған Кәрім Меденұлының бастамасымен бөлімшеде асқазан мен аш ішектің ойық жарасын емдеу әдістері енгізілді.

ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

АККА хирургия бөлімшесі Алматы облысының тұрғындарына жоғары технологиялы, жоспарлы және шұғыл хирургиялық қызмет түрін көрсетеді.

Ота жасау техникасы хирургиядағы соңғы жетістіктерге негізделген стандартқа бейімделген. Бөлімше дәрігерлері үнемі кәсіби білігін жетілдіріп отырады және хирургиялық емдеу мен диагностика бойынша заманауи әдістерді енгізуде.

Хирургия бөлімшесінде мынандай операция түрлері жасалады:

  • Құрсақ қолқасын алып тастау және протездеу
  • Қолқа-мықынсүйекті шунттау
  • Эндоваскулярлы дилатация қолданылатын гибридті қайта қалпына келтіру операциялары
  • Қолқа доғасының тарамдарын шунттау
  • Сафенэктомия
  • Кроссэктомия
  • Профундопластика
  • Симпатэктомия (Кеуде, бел)
  • Бейкер іріңді ісігін кесіп алып тастау
  • Ангиография
  • Струмэктомия
  • Торакотомия
  • Өкпенің эхинококкэктомиясы
  • Тимонэктомия
  • Лобэктомия
  • Пульмонэктомия
  • Булланы (көпіршік элемент) торакоскопиялық кесіп алу
  • Лапараскопиялық холецистэктомия
  • Лапараскопиялық аппендэктомия
  • Тесілген ойық жараны лапараскопиялық әдіспен тігу
  • Жарыққа операция жасау (протезбен және протезсіз)
  • Эхинококкэктомия (бауыр және өзге органдар)
  • Асқазанды Б1, Б2 бойынша кесу
  • Ішекті кесу (Гартман операциясы, аш ішек, тоқ ішек)
  • Қуыс ағзаларды жабу
  • Өт жолдарына ота жасау
  • Шарбы қабын, құрсақ қуысына лапараскопиялық білте қою

Шұғыл операцияның барлық түрі.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Бөлімшенің жоғары кәсіби білікті, мейірбан, қамқор дәрігерлері әркез науқасқа кеңес беруге, ауруын анықтауға, қажет отасын жасауға және емдеуге дайын.

Бөлімшеде тұрақты түрде тәжірибелік және ғылыми жұмыстар жүзеге асырылады. Бөлімше дәрігерлері отандық және халықаралық ғылыми конференцияларға тұрақты қатысады, олардың ғылыми еңбектері арнайы медициналық басылымдарда жарияланып отырады.

ДӘРІГЕРЛЕР

  • Кенжебеков Ержан Тілеуімбетұлы – Жалпы хирург, жоғары санатты ангиохирург. Медицина ғылымдарының кандидаты. Еңбек өтілі – 41 жыл.
  • Бақтыбаев Ғабит Серікұлы – Жалпы хирург, жоғары санатты ангиохирург. Еңбек өтілі – 10 жыл.
  • Түктібаев Халық Тайтеліүлы – Жоғары санатты хирург. Еңбек өтілі – 35 жыл.
  • Сүйерқұлов Мұхтар Үсіпәліұлы – жалпы хирург, жоғары санатты колопроктолог. Еңбек өтілі – 11 жыл.
  • Онайбай Қаныш Қадырбекұлы – Жоғары санатты хирург. Еңбек өтілі – 15 жыл.
  • Алмағамбетов Данияр Қожатайұлы – Жалпы хирург, эндоскопист. Жоғары санатты дәрігер. Еңбек өтілі – 10 жыл.
  • Сембиев Ғабит Жомартұлы – Жалпы хирург, жоғары санатты колопроктолог. Еңбек өтілі – 28 жыл.
  • Тұрсынбек Ержан Тұрсынбекұлы – Жалпы хирург, колопроктолог. 1 санатты дәрігер. Еңбек өтілі – 7 жыл.
  • Ембердиев Жанғали Меңлібайұлы – Жалпы хирург. Еңбек өтілі – 4 жыл.
  • Ғалиев Бақтияр Айыпұлы – Жалпы хирург. 1 санатты дәргер. Еңбек өтілі – 9 жыл.
  • Нұрсейітов Мақсат Мұратұлы – Жалпы хирург. Еңбек өтілі – 4 жыл.
  • Сейдуәлиев Қайрат Әкімқожаұлы – Жалпы хирург. 1 санатты дәрігер. Еңбек өтілі – 10 жыл.
  • Айазбаев Нұрбол Бейсенұлы – Жоғары санатты кеуде бөлігінің хирургы. Еңбек өтілі – 25 жыл.

Бөлімше меңгерушісі – Өтетілеуов Асқар Мұратұлы. Дәрігер-хирург. Еңбек өтілі – 30 жыл.