Біздің мақсатымыз - Сіздің деніңіздің саулығы!
Білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған стационарлық көмек
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының (АККА) ресми сайтына қош келдіңіз!
Келесі парақшаларда біздің ауруханамен және онда көрсетілетін қызметтермен таныстырамыз. Біз Сіздің денсаулығыңыздың неғұрлым тез арада қалпына келуін қалаймыз!
"Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК 2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін медициналық көмектің мынадай түрлері мен нысандары бойынша көрсеткенін хабарлайды:
КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
46 төсек орналастырылған. Оның iшiнде бейiнi бойынша: 4 пульмонологиялық 5 нефрологиялык, 37 кардиологиялық
НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІ
ми кан айналымы бузылган науқастар ушн (инсульт) 29 төсек бар
ХИРУРГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІ
38 төсекке, оның iшiнде бейнi бойынша: 28 жалпы хирургиялық, б тамырлы, 4 проктологиялық бағытта
ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
20 төсекке орналастврылған, оның iшiнде бейiнi бойынша: 7 гастроэнтерологиялык 3 гематологиялык, 7 эндокринологиялык, 3 токсикологиялық бағыт
УРОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
16 төсек
ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
18 тесекке
ОТОЛАРИНГОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
20 төсекке
ЖАҚ- БЕТ ХИРУРГИЯСЫ БӨЛIМI
на 20 төcекке
ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСI
35 төсекке, оның iшiнде бейiнi бойынша: 23 травматологиялық, 12 ортопедиялык төсек бар.
НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
25 төсекке
ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ
25 төсекке
ПЕРЗЕНТХАНА БӨЛІМІ
68 төсекке, оның ішінде 40 орын жүктi және босанатын әйелдер ушiн, 20 потологиялық науқастарға, 8 жаңа туылған нәрестелерді қарауға арналған орындар
Біз туралы:

«Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» Мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны бір жарым миллионнан астам халқы бар Алматы облысының оңтүстік өңірінің тұрғындарына 60 жылдан астам уақыт сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді.

Осы уақыттың ішінде адам денсаулығының арашасы ретінде аурухана қызметкерлері Алматы облысы тұрғындарын емдеуде өз үлестерін молынан қосып, сондай-ақ бұл ұжым медициналық көмек көрсету саласында өзіндік дәстүрі бар ұжым болып қалыптасты.

Кәсіпорын тұрғындар қажеттілігін қамтамасыздандыруға жеткілікті мамандармен және медицина құралдарымен жабдықталған. Мамандардың кәсіби дәрежесін барынша жетілдіру мен заманауи құрал-жабдықтарды өзімізге тарту жұмыстары аурухана әкімшілігі тарапынан кеңінен жүргізілуде, бұдан әрі қарай да жалғасын таба бермек.

Қазіргі таңда клиникада 128 дәрігер, олардың 45-і жоғары дәрежелі, 15-і бірінші категориялы, 4-і екінші категориялы дәрігерлер. Орта медицина қызметкерлер саны 292, олардың 124 жоғары дәрежелі, 32 бірінші категориялы, 10 екінші категориялы қызметкер.

Клиника материалдары бойынша докторлық 4, кандидаттық 20 диссертация қорғалды. Клиникада 9 м.ғ.д., 13 м.ғ.к., 4 доцент, 2 еңбек сіңірген дәрігер жұмыс істейді. Және 3 қызметкер арнаулы орденмен марапатталған.
Жаңалықтар
-
Инновацияға алғашқы қадамдар: Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері плазмаферез процедурасын жүргізді
Инновацияға алғашқы қадамдар: Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері плазмаферез процедурасын жүргізді Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында медицина саласындағы маңызды қадам өтті: алғаш рет Райымбек ауданынан келген пациентке плазмаферез жүргізілді. Бұл оқиға аймақтағы медициналық көмектің тиімділігін едәуір арттыра алатын инновациялық емдеу әдістерін...
-
Пренатальды диагностика мамандары «Дені сау ұрпақ — ұлт болашағы» тақырыбында өткен халықаралық конгреске қатысты
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының қызметкерлері 2025 жылғы 29-31 мамыр аралығында Астана қаласында өткен «дені сау ұрпақ — ұлт болашағы» пренаталдық диагностика мамандарының II халықаралық конгресіне сәтті қатысты. Конгресс аясында біздің мамандар әртүрлі іс-шараларға, соның ішінде шеберлік сағаттары мен ғылыми сессияларға...
-
«Милан Профант-Словакияның отоларингология бас және мойын хирургиясы қоғамының бұрынғы президенті, бұл оның медицина саласындағы жоғары біліктілігі мен беделін көрсетеді.
Братислава университетінің ауруханасының медицина факультетінің Оториноларингология бас және мойын хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Милан Профант Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына келді. Бұл Алматы облысындағы медициналық практика үшін маңызды оқиғалардың бірі. Профессор Профант құлаққа күрделі операциялар жасаудағы шеберлігімен және кәсібилігімен танымал, есту қабілетінің...
-
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы Гемофилиямен ауыратын адамдарды қолдайды: Дүниежүзілік аурумен күрес күні 17 сәуірде атап өтіледі
17 сәуірде әлем Дүниежүзілік гемофилиямен күрес күнін атап өтуде, оның мақсаты бүкіл әлем бойынша мыңдаған адамдарға, соның ішінде Қазақстан тұрғындарына әсер ететін сирек, бірақ ауыр ауруға жұртшылықтың назарын аудару болып табылады. Осы күнге орай Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында гемофилия туралы...
-
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының нефролог дәрігері «Сау бүйрек – барлығына» конференциясына қатысты
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының нефролог дәрігері Майра Қағазбаева «Сау бүйрек – барлығына» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты, ол 2025 жылдың 12 сәуірінде Ташкентте өтті. Республикамыздың арнайы ғылыми-практикалық нефрология және бүйрек трансплантациясы медициналық орталығы Ташкент педиатриялық медициналық институтымен және Ташкент Мемлекеттік стоматологиялық институтымен...
- Алматы көпсалалық клиникалық ауыруханасы
- Пошта мекенжайы: 050019, Қазақстан, Алматы, к. Демченко, 83б
- Телефон: +7 (727) 399-38-02
- Факс: +7 (727) 399-38-89
- Электрондық пошта: amkb_pr@med.mail.kz
- Instagram: @almobl_amkb