Алматы облысында екі ота бір уақытта жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері жүкті әйелге қажетті екі отаны бір уақытта жасады.
Іле ауданының тұрғыны аурханаға ауыр жағдайда келіп түсті. Жүктіліктің 36 аптасында хәлі нашарлап, денесінің ісінуіне шағымданып келген науқастан дәрігерлер терең тамыр тромбозын анықтаған. Тромбоэмболиялық асқынулардың жоғары қаупін ескере отырып, дәрігерлер шұғыл консилиум өткізіп, емдеудің радикалды тактикасын қабылдады. Бір мезгілде кардиохирургтар мен акушер-гинекологтардың бақылауымен Кава-сүзгісін (қан ұйығыштарына арналған тұзақ) және кесарь тілігі жүргізілді.
Кава-сүзгіні кардиохирург дәрігерлер Сергей Мұсаев және Арман Садықов орнатты. Бұл тамырлы хирургияда тәжірибені қажет ететін жоғары технологиялық, аз инвазивті операция.
«Мұндай қан ұюы қолайсыз салдарға әкелуі мүмкін. Операцияның басында біз тамырдың катетеризациясын жасадық. Әрі қарай, Кава сүзгісі катетерге салып, белгіленген нүктеге ауыстырдық. Кава сүзгісі осы уақытта арнайы капсулада болды. Қан ұйығышы қажетті жағдайға жеткенде, біз капсуланы алып тастадық. Кава сүзгісі дұрыс орналасып, тамыр қабырғаларына дұрыс орналасты», — дейді дәрігерлер.
Қан ұйығышын сәтті орнатқаннан кейін науқас босану бөлмесіне көтерілді. Аталған клиниканың акушер-гинекологтары кесарь тілігін сәтті жасады.
«Науқас бізге Іле ауданынан ауыстырылды. Бұл оның бесінші жүктілігі, оған дейін барлық 4 босану кесарь тілігімен аяқталған болатын. Осы жүктілік кезінде науқаста тромбоз байқалып, ауруханаға жүгінді. Дәрігерлер жүкті әйелге кава сүзгісін орнатқанан кейін, біз оны перзентхана бөліміне ауыстырып, аман–есен босандырып алдық», — дейді акушер-гинеколог Ұлтай Дауылбекқызы.
Осылайша, уақтылы ауруханаға жүгіну, диагностика, заманауи тәсілдерді қолдану және кава сүзгісін орнатумен хирургиялық емдеу өкпе эмболиясы сияқты ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл ана мен баланың өмірі мен денсаулығын уақытылы аман алып қалдық дегенді білдіреді. Алматы көпсалалы ауруханасы бөлімшелерінің үйлесімді жұмысы, мамандардың кәсібилігі мен жанашырлығы ғана осындай нәтижеге әкелді.

Алматы облысында екі ота бір уақытта жасалды