Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының базасында Исмаилов Еркінбек Лесбекұлы «сепсис пен септикалық шоктың қарқынды терапиясы» атты баяндамасымен сөз сөйледі.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының базасында доцент, медицина ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қосымша кәсіптік білім беру институтының терапевтік пәндер кафедрасының доценті — Исмаилов Еркінбек Лесбекұлы «сепсис пен септикалық шоктың қарқынды терапиясы» атты баяндамасымен сөз сөйледі.

Еркінбек Лесбекұлы ең өткір тақырыптарды көтерді. Мысалы, ол мәселенің өзектілігі, ұғымдардың анықтамасы, сепсистің этиологиясы мен патогенезі туралы айтты.
Сондай-ақ, ол сепсистің диагностикасы және оның ауырлығын бағалау, сепсис пен септикалық шокты емдеу және сепсисті емдеуге арналған аспаптық-зертханалық бақылау туралы айтты.

«Сепсис пен септикалық шок денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Жыл сайын, бүкіл әлем бойынша, миллионнан астам адамның өліміне себеп болы, өлім — жітімнің төрт жағдайдың біреуін құрайды», — деп қосты баяндамашы.

Анықтама:

* Сепсис-бұл ағзасының инфекцияға реакциясынан туындаған ағзалар функциясының өмірге қауіп төндіретін бұзылуы.
* Септикалық шок-бұл өлім қаупі жоғары айқын гемодинамикалық, жасушалық және метаболикалық бұзылулармен бірге жүретін сепсистің бір түрі.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының базасында Исмаилов Еркінбек Лесбекұлы «сепсис пен септикалық шоктың қарқынды терапиясы» атты баяндамасымен сөз сөйледі.