АККА ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ «АНА МЕН БАЛА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Алматы қаласында «Ана мен Бала» халықаралық ғылыми-білім беру форумы өтті.
Форум сындарлы көпжақты диалог үшін беделді алаң болып табылады. Осы күндер ішінде ҚР, жақын және алыс шетелдердің жетекші профессорларынан ондаған баяндамалар ұсынылып, тақырыптық пікірталастар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Репродуктивтік денсаулықты, ана мен баланың денсаулығын нығайтуға бағытталған емдеу – диагностикалық іс-шараларды ұйымдастыруда ғылыми жетістіктермен және клиникалық тәжірибемен алмасу мақсатында форумға Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ұрықты қорғау орталығының медициналық генетик дәрігерлері және әртүрлі мамандықтардың жетекші мамандары: акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, неонатологтар, педиатрлар, медициналық генетиктер, зерттеудің функционалдық әдістерінің мамандары (УДЗ, КТГ), акушерлер, мейіргерлер қатысты.

АККА ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ «АНА МЕН БАЛА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ