18 мамырда әртүрлі елдердің медициналық қоғамы Дүниежүзілік ішектің қабыну аурулары күнін (IҚА) атап өтеді. Осыған байланысты IҚА ұлттық форумы өткізілді, онда жетекші дәрігерлер, клиниктер және фармацевтика саласының сарапшылары жиналды.
Форумға Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Майра Серікқызы және дәрігер Айдана Абдуллақызы қатысты.
Форум мақсаты — ішек ауруларына қарсы тұру және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту, сондай – ақ ауруды алдын-алу және ерте анықтау.
Жыл сайын біздің елімізде IҚА жағдайы артып келеді. Тек АККА-да дәрігерлердің бақылауында 50 адам жатыр, олардың 28-і биологиялық препарат алады.
Қазақстандық алғашқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлері мен гастроэнтерологтар статистиканың өсуі осы ауруларды анықтаудың жақсаруымен байланысты екенін атап өтті. IҚА тіркелген науқастар санының өсуі диагностика арсеналының кеңеюімен және тұрғындардың қазіргі диагностикалық технологияларға қол жетімділігімен түсіндіріледі. Бұған мамандардың хабардарлығы мен дайындығын арттыру да ықпал етеді.
Форумның басты мақсаты-IҚА саласындағы мамандардың хабардарлығын арттыру және жақын, алыс шет елдердің мамандарымен тәжірибе алмасу.
АККА дәрігерлері ІҚА-ға арналған форумға қатысты