Еңбекшіқазақ ауданы Шелек қаласының орталық аудандық ауруханасына 1959 жылы туған науқас ішкі қан кету және геморрагиялық шок клиникасымен өте ауыр жағдайда түсті. ОАА жағдайында дәрігерлер іш қуысына УДГ және КТ жүргізді, онда кең гематомасы бар іш қолқасының жарылуы анықталды.
ОАА дәрігерлері Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасынан санитарлық авиация желісі бойынша Г. С.Бақтыбаев және Ж. К.Амандық ургентті ангиохирургтарын шақырды.
«Біз Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына келіп, пациентті тексеріп, қосымша ішкі аортаның инфраренальді бөлігінің жарылуы, геморрагиялық шок диагнозын қойдық. Науқасқа шұғыл түрде «Шелек қаласы Еңбекшіқазақ ауданы» ОАА жағдайында ота жасалды. Операция кезінде біз ретроперитонеальді қан кетуді анықтадық. Біз 3 литрден астам қан ұйығыштарын шығарып, аорта-феморальды бифуркациялық шунттауды жасадық. Науқас операциядан аман — есен өтіп, одан әрі жақсарып шығарылды», — дейді АККА Ангиохирург дәрігері Ғабит Бақтыбаев.
Халықаралық статистика бойынша қолқа аневризмасының жарылуы кезінде өлім-жітім 95% құрайды. Осыны ескере отырып, санитарлық авиация желісінің шұғыл әрекет етуі және Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жоғары білікті ангиохирургтарының арқасында науқас әрі қарай өмір сүруге мүмкіндік алды.