Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік басқармасының төрағасы орынбасары және кеңесшісі Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына келді.
Басқарма төрағасының орынбасары Қабульдинов Мұхамед Жүсіпұлы және Басқарма Төрағасының кеңесшісі Садықова Айгүл Байжанқызы аурухананың жұмысымен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуымен танысып, жаңа ғимараттың құрылыс орнына барып, ұжыммен әңгімелесті.
International Academy of medicine and sciences компаниясының басшылығы клиниканың барлық жетістіктерін көрсетті.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының өкілдеріне біз жаңа бөлімшелерді, пайдалануға берілген жаңа корпустарды, операциялық блоктарды көрсеттік және жаңа салынып жатқан ғимараттның жұмыс барысымен таныстырдық. Жалпы, үш жыл ішінде көптеген нәрсе жасалды, біз кредиторлық қарызды өтедік, жаңа жабдықтар сатып алдық және клиниканы дамытуға 3,5 млрд теңге қаржы жұмсадық, алда әлі де жұмыс жеткілікті», – дейді Бас директор Жұмағали Исмаилов.