Мәскеу қаласында 2023 жылдың желтоқсан айының басында Ресей кардиология қоғамының қолдауымен «жүрек жеткіліксіздігі 2023» Халықаралық әріптестерімен жыл сайынғы Ұлттық конгресс өтті, оған Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері де қатысты.
Конгресс бағдарламасында 2023 жылы жүрек жеткіліксіздігінің диагностикасы, алдын алу және емдеуді жақсарту саласында болған ең маңызды оқиғалар ұсынылды. Көптеген симпозиумдар барысында кардиоваскулярлық ауруларды ерте анықтаудың заманауи тәсілдері, олардың даму қаупінің факторларын түзету, оңалтудың жоғары технологиялық әдістерін қолдану, жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресу жөніндегі федералды жобаның міндеттерін орындау нәтижелері талқыланды.
АККА кардиологтарының осы деңгейдегі ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысуы оларға кейінгі жұмысы үшін талқыланатын мәселелерді тереңірек түсінуге және отандық денсаулық сақтаудың осындай маңызды саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге жаңа мотивациялық серпін алуға мүмкіндік береді.
Халықаралық конгреске қатысушылар аурухана әкімшілігіне білім алып, білікті арттыруға берілген мүмкіндіктер үшін алғыс білдіреді.
АККА кардиологтары «жүрек жеткіліксіздігі 2023» ұлттық конгресіне қатысты