Айтбаева Айжан Шеризатқызы – Анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі

 

Айжан Шеризатқызы – 2005 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп, одан әрі интернатураны аяқтады. 2008 жылы «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. 2016 жылы «Трансфузиология» мамандығы бойынша білім алды. 2018 жылы «ВШОЗ» Қазақстандық медицина университетінде магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2006 жылы Өскемен және Алматы қалаларында қабылдау бөлімінің хирург дәрігері болып бастаған. 2011 жылдан бастап анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының Анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

«Дәрігер анестезиолог және реаниматолог ретінде менде медицина қызметкерінің барлық дағдылары болуы керек. Сондықтан, мен жыл сайын әртүрлі оқудан өтіп, кәсіби дағдыларымды арттырып жүремін. Мысалы, мен «кеуде және іш қуысы органдарының шұғыл хирургиясы», «медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері», «кардиологияның шұғыл жағдайы», «токсикологиядағы Реанимация және қарқынды терапия», «нейрореаниматология және нейроанестезиология негіздері», «Негізгі реанимация (BLS) , кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (ACLS), педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (PALS), жарақаттар үшін ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету (PHTLS)», » гестоздар үшін инфузиялық терапия, шұғыл көмек (преэклампсия, эклампсия, HELLP smndrom», «шұғыл жағдайларда трансфузиялық терапия», «шұғыл жағдайларда трансфузиялық терапия», » денсаулық сақтаудағы тәуелсіз сараптама. Медициналық қызметтердің сапасын басқару» сынды оқулардан өттім. Бұл материалдар науқастардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі», – дейді Айжан Айтбаеваның өзі

Айта кетейік, ол жоғары санатты дәрігер және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Халық алғысы медалі және «Алтын дәрігер» медалі төсбелгісімен марапатталған.

Айтбаева Айжан Шеризатқызы – Анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі