Қабылдау бөлімі

Меңгерушісі

 

Қазанғапова Гүлнар Енсебаевна- жоғарғы санаттағы дәрігер терапевт, кардиолог. Еңбек өтілі 24 жыл.

Коллектив

Қабылдау бөлімінде жоғарғы санаттағы 10терапевт дәрігер, 8 травматолог, 8 хирург , 8 акушер-гинекологжұмыс істейді. Дәрігерлерге 10мейірбике, жоғарғы санаттағы 1 аға мейірбике, 10 мейіркештер көмек көрсетеді.

Қабылдау бөлімшесінің дәрігерлері тәулігіне 24 сағат шұғыл науқастарды қабылдайды. Барлық медициналық мекемелер сияқты Алматы көпсалалы клиникалық аурухананың тыныс тіршілігі қабылдау бөлімшесінен басталады.

Бұлбөлімшедежарақаттыжәнетүрліауруларпатологиясыменнауқастардықабылдайдыжәнегоспитализациялайды.

Дәрігерлертәулікбойықабылдаукабинетінетүскен, ургенттінауқастардықабылдайды:

 

Хирургия

Қабылдау кабинетінде хирург - дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істейді. Ургентті хирургия бойынша хирургтар шұғыл операциялардың барлық түрлерін жасайды, лапароскопиялық және эндоскопиялық хирургиялық әдістері белсенді енгізіледі.

Терапия

Қабылдау бөлімшесінің терапиясына науқастар түрлі терапиялық аурулар, ми қанайналымы жіті бұзылуы, бүйрек функциясы жеткіліксіздігі, қан және нерв жүйесі ауруларымен келеді, науқастар жиі ауыр жағдайда немесе ес-түссіз күйде жеткізіледі, бұндай санаттағы науқастарға реанимациялық зал, өкпенің жасанды вентиляциясы аппараты жабдықталған, жіті коронарлық патология диагностикасы үшін экг - кабинеті жұмыс істейді, емшара кабинеті техникалық жабдықталған, дәрі - дәрмектердің толық тізбесі бар.

Жарақаттық

Жарақатпункті күрделі жанамаласқан және оқшауланған жарақатпен келеді. Қабылдауды тәжірибелі травматолгтар жүргізеді Гинекология кабинеттері науқастарды қабылдайды. Осы аталған контингент науқастарына жоғары мамандандырлған медициналық көмек көрсетіледі. Емдік іс - шаралар және оперативті араласулар жоғары деңгейде жүргізіледі.

Шұғыл зертхана

Сондай - ақ клинико - диагностикалық зертхана бар, ол жаңа биохимиялық және гематологиялық аппараттармен жабдықталған, қысқа мерзімде ағзалардың ішкі жағдайын анықтауға, қысқа мерзімде экспресс - талдаулар жасауға мол мүмкіндігі бар, зертхана нормаларына сәйкес қажетті аппаратурамен және реактивтермен жабдықталған.

Рентген кабинеті

Қабылдау бөлімшесі рентгенологиялық кабинетпен, рентген зертханасы және сандық рентген аппаратымен жабдықталған, омыртқа бағанасы және бассүйекішілік жарақаттық зақымдану кезінде диагностикалаудың үздік тәсілі сәулелі әдіс болып табылады, сондай - ақ шұғыл рентген кабинетінде мидың көлемді процестерінде рентгенолог - дәрігер және рентген - зертханашы қабылдау жүргізеді.

Компьютерлі томография

Бөлімшеде мамандар тәулік бойы келген шұғыл науқастарды қабылдайды, компьютерлі томография - аппараты орналасқан, оның көмегімен, рентген - аппаратымен анықтау мүмкін емес, патологияларды диагностикалау мүмкіндігі бар.

Тарих

Театр киімілгіштен басталады деген сөз бар, ал аурухана деңгейін қабылдау бөлімі аңғартады. Ауырып келген адам медициналық қызметкерлермен кездесіп, солардың қарауына кіреді. Көп жағдайда алдағы емделуі мен жазылып шығуы ауруды мұндағылардың қалай қарсы алғанына да байланысты. Бөлімде ауырып келген адамдарды қабылдау және жатқызу жүйелі жолға қойылған.

Бөлім меңгерушісі Гүлнар Еңсебайқызы Қазанғапова жарқын жүзді адам, сөйтсе де өзіне де, ұжымына да талапшыл. Гүлнар Еңсебайқызы Қазанғапова – жоғары категориялы дәрігер, терапевтік ауруларға диагноз қоюды жетік біледі. Бұл аса ауқымды жұмыс, ал қызметкерлер өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарады. Қабылдау бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді, облыстың оңтүстік аумағындағы аудандардан келген адамдар қабылданып, емдеуге жатқызылады.

Жыл сайын қабылдау бөліміне 40 000-дай пациент келеді екен. Ал тәулігіне 250 адам келсе, оның 80 пайызына дейіні кезек күтпейтіндер. Профильді бөлімдерге жүздей адам жатқызылады. Олардың 50 пайыздайы кезек күттірмейтіндер.

Көп профильді қабылдау бөлімі өзінің құрамында хирург, гинеколог, уролог, травматолог, нейрохирург, терапевт дәрігерлер бригадасын біріктіреді.

Облыстық клиникалық ауруханасында пациенттерге қызмет көрсету қабылдау бөлімінен басталады. Бұл тіркеуге, қабылдауға, алғашқы қарауға антропометрияға келген ауру адамға санитарлық-гигиеналық өңдеу жасауға және білікті медициналық көмек көрсетуге арналған маңызды құрылымдық орын. Бұл бөлімнің медициналық қызметкерлерінің қаншалықты кәсіби және жедел жұмыс істеуі бұдан кейінгі жұмыстардың табысты болуына, тіпті белгілі жағдайларда ауру адамның өміріне ара түсуге ықпал етеді. Әбір ауру адам осы қабылдау бөліміне өзіне деген қамқорлықты сезінуі тиіс. Сонда оның емделетін мекемеге деген сенімі де артады.