Патологоанатомия бөлімшесі

 

Патологоанатомия бөлімінің меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары білікті маман Степанкевич Эдуард Францевич.

Қазіргі уақытта бөлім ШЖҚ «АККА» МКК қарамағында жұмыс атқарады.

Биопсиялық құралдарды зерттеуде Алматы қаласының және облысының халқына ақылы қызмет көрсетеді.

Бөлім қызметкерлері аудандық және облыстық ауруханалардан түскен операциялық және биопсиялық құралдарды гистологиялық зерттеу жасайды. Бір жылдың ішінде 14 мың биопсиялық құралдар зерттелген.

Аудандық және облыстық ауруханаларға мәйіттерді сою үшін патологоанатомия бөлімінің дәрігерлері жіберілетін.

Алматы Медициналық институтын патологиялық анатомия мамандағы бойынша бітірген дәрігер интерндер патологоанатомия бөлімінде даярлықтан өтетін.Сонымен қатар, облыстың патологоанатомиялық бөлімдерінің зертханашы гистологтары да даярлықтан өтетін.

 

 

Тарих

Патологанатомия бөлімі Алматы облыстық ауруханасында 1952 жылы ашылған. Бірінші бөлім меңгерушісі 1968 жылға дейін дәрігер Кагеманов М болды.

1968 жылдан 1975 жылға дейін патологоанатомия бөлімінің меңгерушісі жоғары білікті дәрігер Семичева Тамара Андриановна болды.Бөлім меңгерушісі қызметіне сайланған кезде оған аурухана атынан 2 бөлмелі үй берілді

1975 жылдан осы уақытқа дейін патологоанатомия бөлімінің меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары білікті маман Степанкевич Эдуард Францевич.1978 жылдан бері бөлімде жоғары білікті дәрігер Сейфуллина Галина Николаевна жұмыс істейді.1991 – 1995 жылдар аралығында дәрігер Рыжиков Николай Анатольевич жұмыс істеген.

1976 жылы Алматы облыстық ауруханасында орталықтандырылған патологоанатомиялық бөлім ұйымдастырылып құрылды. Балалар ауруханасы, туберкулездік диспансер, психоневрологиялық аурухана және орталық аудан ауруханалары сияқты емдік мекемелерге қызмет істейді.