ШЖҚ «АККА» МКК трансфузиология бөлімшесі

Заведующая отделением Коштаева Кульбагила Муратбековна – врач –трансфузиолог высшей категории.

ҚҚО 1993 жылы өзінің штаттық бірлігімен жеке бөлімше ретінде құрылды. 1993-2008 жыл аралығында қан құю бөлімшесі қан алу және оның компоненттері мен қанды даярлаумен айналысты. (Қатырылған плазма және эритроциттік масса).

Бөлімше меңгерушісі болып клиникалық трансфузиология бойынша жоғары санатты дәрігер Сейпілмәліков Ақылбай Мәлікұлы тағайындалды. Осы жылдар аралығында бас мейірбике қызметін Аманжолова Роза Даулетжанқызы атқарды. Донордан қан алудың алғашқы кезеңінен бастап бөлімше консервирленген толық қанды дайындады. Қанның басқа ЖМП сияқты компоненттері және тромбоцит концентраттары мен т.б ҚР қарғаныс министрінің орталық әскери госпиталінен және РҚО алынды.

2008 жылдан ҚҚБ қан алу мен оның компоненттерін даярлауды тоқтатты. Осыдан кейін АККА пациенттерін қанмен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2012 ж. № 501 бұйрығына сәйкес ШЖҚ ОҚО МКК, ҚҚО және РҚО Қаскелең филиалынан керекті мұқтаждыққа қарай тасымалдау арқылы қамтамасыз етілді. .

Бөлімшеде төменгі температурада жұмыс істейтін «SANYO» Жапон фирмасы құлыпы орнатылған арнайы мұздатқыш камера бар. Осыған қосымша ВИТ және RW анализдеріне және суық агенттер мен цоликлондарға арналған екі қарапайым тұрмыстық тоңазытқыш бар.

2010 жылы бөлімше ВИТ қан анализдерін сапалы центрифугалау мақсатывнда « CENTRIFUGE CM – SMT» лабораториялық центрифуганы пайдалануға алды. Қан және оның компоненттерін тасымалдау үшін ҚҚБ екі арнайы термоконтейнерлермен жабдықталған. Трансфузиология бөлімшесі аурухананы арнайы эритроқұрамдас компоненттермен екі күндік қормен толық қамтамасыз етеді және олардың толықтай қолдануына байланысты арнайы Қаскелең филиалынан ШЖҚ ОҚО МКК, ҚҚО және РҚО жеткізіліп отырады. Қан және оның компоненттерін сақтау ҚР ДМ 26.07.2012ж № 501 бұйрығына сәйкес бөлімше меңгерушісі мен бас мейірбикенің қатал бақылауында болады. Бөлімшеде есеп- беру құжаттары ҚР ДМ № 501 от 26.07. 2012 ж., және № 514 от 31.07. 2012ж бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Трансфузиология бөлімшесінің жауапты бас мейірбике Дукеева Жібек Қырғызбайқызы, ал 2014 жылдан бастап екінші мейірбике - Исабаева Гүлзат. Санитар Саурық Саулетхан 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

ҚҚБ соңғы жетістіктері

2013 жылы бөлімше меңгерушісі болып жоғары санатты дәрігер трансфузиолог Қоштаева Гулбағила Мұратбекқызы тағайындалды.

Осы жылы бөлімше меңгерушісінің өтініші бойынша ҚР ДМ 30 желтоқсандағы 2011 жылғы № 931 «Об утверждении Положения об организациях здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере службы крови» бұйрығы негізінде ҚҰБ трансфузиология бөлімшесі болып аталды, ал 2014 жылы ЛП 0012162DB. Серия № 0012162 мемлекеттік лицензия алды.

2012жылы маусым айында бөлімшенің бас мейірбикесі Дукеева Жібек Қырғызбайқызы Алматы облысы бойынша «жылдың үздік мейірбикесі» конкурсының жеңімпазы болды.

Бөлімше қызметкерлерінің міндеттері

№005-2/у қан беру журналын күнделікті бақылау;

Қан және оның компонеттерін күнделікті макроскопиялық бақылау жасау;

Қан компоненттерін сақтауда тасымалдауда температура режимін бақылау және қадағалау;

 

Күнделікті қан құйылғанға дейін және қан құйылғаннан кейін науқастың сырқатнамасын бақылау және аудит жүргізу;

№009/у журналын, ПСК және сырқатнаманың эпикризін бақылау;

Донор бойынша апта сайын баланс жасау;

Донор болушы адамдарға есеп жүргізу және жинақтауды ұйымдастыру;

Науқастардың туысы арасында үгіт жұмысын жүргізу және ақысыз қан өткізуге оларды тарту;

Емдеу бөлімшелері дәрігерлеріне трансфузиологиялық терапияны жүргізу және ұйымдастыру сұрақтары бойынша кеңес беру;

Донорларды тексеруден өткізуді және қан алуды ұйымдастыру;

Керек болған жағдайда қан топтарын және резус тиімділігін анықтау;

Қан құюудан кейінге пайда болған асқынуларды есепке алу және талдау жасау, оны мекеме басшысына баяндау;

АККА диагностикалық реагентпен, қанмен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

Күнделікті ВЖА, «В», «С» гепатитіне және RW-ға қан анализдерін тексеруге алу және арнайы медициналық мекемеге жіберу;

Аурухананың медицина қызметкерлерінтрансфузиялық терапия сұрақтары бойынша жаңа ережелермен, бұйрықтармен таныстыру;

АККА емдеу бөлімшелерін қанмен және оның компоненттерімен қамтамасыз етуді бақылау;

Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді трансфузиология сұрақтары бойынша біліктілігін арттыру мақсатында сабақ жүргізу.

Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттыру.