Клиникалық-диагностикалық зертхана

Заведущая клинико-диагностической лабораторией Керимкулова Лайла Жадыраевна.

Клиника-диагностикалық зертханада профилактикалық мекеменің диагностикалық бөлімшесі ретінде жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда мекеме зертханалық диагностикалық құралдар арқылы гемотологиялық , жалпыклиникалық, биохимиялық, иммунологиялық және микробиологиялық зерттеулер жүргізетін заманауи құралдармен жабдықталған стационар мен емханаға келетін науқастарға қанның жалпы құрамын тексеру Сухарев тәсілі бойынша зерттеу, Дуке тәсілі бойынша қанның сұйықтығын анықтау , ретикулоцит, қандағы ЛЕ клеткаларды зерттеу секілді медициналық талдаулар жүргізіледі.

Биохимиялық зерттеу бөлімінде қанның биохимиялық көрсеткіштерін А-15 Испандық аппаратында тексереді. ( қант көрсеткіштері, жалпы белок, АЛТ, АСТ, мочевина, креатинин, жалпы билирубин, тура билирубин, холестерин, амилаза, жалпы Са, триглицириды, мочевая кислота, фосфор, ферритин, жалпы темир, щелочная фосфатаза, қан гемолизы, СРБ, РФ, бруцеллез, ) Микрореакция

Бактериологиялық бөлімінде түрлі органдар мен мүшелердің 3-4 патогенді тобының микрооорганизмдерін анықтау ісі жүргізіп, науқас денсаулығын түрлі антибиотиктерге төзімділігі анықталады . Адам денсаулағын антимикробтық дәрілерге төзімді мен микроорганизмдердің әсерін нақтылау-ауруды тез айықтыруға көп көмектеседі.

Иммунология бөлімінде қан тобын және резус тиімділігін анықтайды. Екі қабат әйелдердің резус теріс тиімділігіне скрининг антител жүргізіледі

Алдағы жоспары:

  • ИФА кабинет ашу
  • ПЦР кабинет енгізу
  • " Vitek-30" бактериологиялық анализатор алу.

Тарих

Алғашқы кезде жалпы сараптаманы меланжерлермен алып, гемоглобинді Сали гемометрі арқылы анықтаушы еді. Биохимиялық сараптаманың нәтижесінде тек қана глюкозаны, диастазаны, қандағы қалдық азот пен билирубинді анықтайтын. Осы жұмыстардың барлығын лаборант О.А.Валиахметова атқарды. 1961 жылдан бастап зертхана меңгерушісі қызметіне дәрігер И.Трандофилова тағайындалды. 1968 жылы жаңадан ашылған облыстық аурухана ғимаратының стационар мен емхана бөлігіне жапсарлас клиника-диагностикалық зертхана ашылды. Зертхана құрамында жалпыклиникалық, гематологиялық, биохимиялық, серологиялық және бактериялогиялық бөлімдер болды. Ол кез үшін зертханада 2 медициналық сорғыш шкаф, термостат, құрғақтай кептіру шкафы, фотоэлектроколориметр, электрлі центрифугалар, флюориметрлер, рефрактометрлер болса жеткілікті еді. Қанның жалпы сараптамасын әйнек түтік арқылы Николаев тәсілімен алып, фотоэлектроколориметрде зерттеді.

1971 жылдан бастап клиника-диагностикалық зертхана меңгерушісі болып Алматы мемлекеттік медицина институтының шипагер факультетін бітірген дәрігер З.Ш.Шыныбаева тағайындалды. Одан бері көптеген өзгерістер орын алды. Дәрігер лаборанттар саны 3-тен 17-ге дейін өсіп, қатардағы зертхана қызметкерлерінің саны 10-нан 32-ге дейін артты.

Клиника-диагностикалық зертхананың медициналық құралдары көбейуіне байланысты жылына 90-100 мыңнан 500-700 мыңға дейін зерттеу жұмыстары тіркелді. 2003 жылдың басынан бастап клиника-диагностикалық зертхана Францияда жасалған Пентра, Микрос-60 гематологиялық зерттеу құралдарымен Селл Дин (АҚШ), биохимиялық зерттеу құралын қолдана бастады. Витолаб Флексор иммунуферментті анықтаушы Ахsум, Эббот (АҚШ), Жапонияда жасалған спектрофотометр, КЩС анализаторы АBL-5, Олимпус микроскопы бар, Сименс коагулометрі сияқты заманауи құралдармен жабдықталды.

Зертханада З.Ш.Шыныбаева, Р.Н.Ерхобаева, жоғары дәрежелі лаборант-дәрігерлер Т.П.Касенова, М.С.Першина, Л.С.Нарботиева, Т.И.Комарова, лаборант Л.П.Проскуриналар қызмет етті. А.Қорғанбекова, М.Ш.Иминова, М.Т. Нуранова, П.А.Саттарова секілді орта дәрежелі лаборанттар жұмыс істейді.

Клиника-диагностикалық зертханада профилактикалық мекеменің диагностикалық бөлімшесі ретінде жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда мекеме зертханалық диагностикалық құралдар арқылы гематологиялық, жалпыклиникалық, биохимиялық, иммунологиялық және микробиологиялық зерттеулер жүргізетін заманауи құралдармен жабдықталған стационар мен емханаға келетін науқастарға қанның жалпы құрамын тексеру Сухарев тәсілі бойынша зерттеу, Дуке тәсілі бойынша қанның сұйықтығын анықтау, ретикулоцит, қандағы ЛЕ клеткаларды зерттеу секілді медициналық талдаулар жүргізіледі.

Биохимиялық зерттеу бөлімінде қан мен зәрдің құрамын Витолаб Флексор аппаратында 26 тәсіл арқылы зерттеледі. ИФА аппаратында жұқпалы аурулардың, жүрек-қан тамырларының, гормондар мен шипалық мониторинг жүргізудің барлық түрі орындалады.

Бактериялогиялық бөлімде түрлі органдар мен мүшелердің 3-4 патогенді тобының микроорганизмдерін анықтау ісі жүргізіліп, науқас денсаулығының түрлі антибиотиктерге төзімділігі анықталады. Адам денсаулығының антимиробтық дәрілерге төзімділігі мен микроорганизмдердің әсерін нақтылау - ауруды тез айықтыруға көп көмектеседі.

Бұл бөлімді Алматы медициналық клиникалық ауруханасында 40 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі дәрігер З.Ш.Шыныбаева басқарады. Оның араласуымен зертхана көптеген заманауи құралдармен жабдықталды. Әрине бұл науқастарға дұрыс диагностика жасауға және дұрыс ем жүргізуге көп көмегін тигізетін қадам.