Бухгалтерия

Руководитель










Аурухана бас есепшісі Лагутина Раиса Владимировна


Бухгалтерияның негізгі міндеттері

  • ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізу;
  • ұйымның есеп саясатын құру;
  • ұйымның есеп саясаты негізінде, бухгалтерлік есепке мәміле жасау және қаржылық есепті құру бойынша ұйымның ішкі құжаттарын өңдеу;
  • Ұйым мен бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есепті құру бойынша ұйымның ішкі құжаттарының құрлымының талапқа сай болуын қамтамасыздандыру;
  • барлық қаржылық және бухгалтерлік есеп жүргізу операцияларын дұрыс, толығымен және өз уақытындақамсыздандырады;
  • ұйымның барлық бөлімшелерінебухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есепті құру, рәсімдеу және оның орындалуына нусқау беру;
  • барлық қаржылық есептерді дұрыс, толығымен өз мерзімінде жүргізілуін ұйымдастыру;
  • мүліктік, міндетті және шаруашылық есеп жүргізу операцияларын жүргізу (негізгі жабдық, бағалы заттар, өндіріс шығындары, қызмет атқарды жүзеге асыру, қаржылық экономикалық нәтиже, жабдықтаушы және сатып алушылармен есеп айырысу, қызмет көрсету бойынша және т.б.);
  • бухгалтерлік іс құжаттарды сақтау жәнетде оларды мұрағатқа заңнамаға сәйкес өткізу;
  • түгендеу жүргізу.

Коллектив



Бухгалтерия қызметкерлері:

1

Лагутина Раиса Владимировна

Бас есепші

2

Байберекова Жумагуль Бикаримовна

Экономист

3

Төлегенқызы Назерке

Экономист

4

Сарсенова Женискул Иембердиевна

Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң кеңесшісі

5

Тохтахунова Бахтигул Ильясовна

Есеп айырысу есепші

6

Гутова Людмила Ивановна

Дәрі – дәрмек есепшісі

7

Тасбулатова Асель Коблановна

Материалдық есепші

8

Терликбаева Гульмира Серикбаевна

Материалдық есепші

9

Чертихина Галина Александровна

Материалдық есепші

10

Омар Айгүл Оспанқызы

Мемлекеттік сатып алулар бойынша маманы

11

Айдарбекова Асель Данегуловна

Есепші кассир


Байланыс:
Тел.: +7 (727) 399-38-49
E-mail.: buh_amkb@mail.ru

Тарих

Аурухананы пайдалануға берген кезден бастап, мұнда орталықтандырылған бухгалтерия ашылып, ол төрт мекеме бойынша (облыстық аурухана, тері-венерологиялық, наркологиялық және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері) есеп жүргізді.

Біздің клиникамызда ұзақ жылдар бойы бухгалтерияға бас бухгалтер Николай Федерович Сопов басшылық жасады. Ал, Фаина Прокопьевна Соболева оған көмекші болды. Бұл кісі Николай Федерович құрметті демалысқа шыққанда оның орнын басты. 1982 жылы бас бухгалтер қызметіне Галина Николаевна Новицкая тағайындалып, бұл жұмысты 1994 жылға дейін атқарды. Осы жылы бұл қызметке жас маман Раиса Владимировна Лагутина тағайындалды. Бұған дейін ол бухгалтерлік есептің барлық сатысынан өтіп, үлкен тәжірибе жинақтаған еді, материалдық бухгалтер болды, экономист болды. Осы кезеңде жоғары дәрежелі біліктілігі бар маман атағын да, кәсіби бухгалтер сертификатын алып та үлгерді. 2010 жылы Раиса Владимировна директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазіргі кезде бухгалтерияны кәсіби бухгалтер Бауыржан Қойшыкенұлы Жанекеев басқарады. Бухгалтерия өзінің мамандарын мақтаныш етеді, олардың көпшілігі жоғары біліктілік категорияларына ие, олар – Майра Тоқтағұлова, Бақтыгүл Тоқтахунова, Людмила Гутова және басқалар.

2011 жылдың сәуіріне дейін аурухана оперативтік басқару құқығындағы қазыналық кәсіпорын мәртебесіне ие еді - өзіне тиесілі мүлікке толық шаруашылық жүргізу құқы бар болатын. Шаруашылықты жүргізу құқының мәні көзделген белгілі бір мақсаттарға жету үшін меншік мүліктерін басқару қажеттігіне негізделген.

Соңғы жылдары елдің үкіметті, әсіресе біздің республикамыздың президенті денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша назар аударып отыр. Жыл өткен сайын қаржыландыру артып келеді. Бұл біздің ауруханамыздың қаржылық көрсеткіштеріне әсер етті. Осы жылдарда клиниканы қаржыландыру 2003 жылғы 128 млн. теңгеден 2012 жылы 1 млрд. 400 млн. теңгеге дейін артты. Яғни қаржыландыру 10 еседен аса өскен. Дәрігердердің орташа айлығы 14 мың теңгеден 130 мың теңгеге дейін, ал орта медициналық қызметкерлердің айлығы 10 мың теңгеден 101 мың теңгеге, кіші медициналық қызметкерлердің және басқа қызметкерлердің айлығы 7 мың теңгеден 58 мың теңгеге дейін өсті. Бір орын-күнге арналған медикаменттердің құны ондаған есе артса, бір сауығудың құны 70 мың теңгеден артып отыр. Осының барлығы ауырған адамның шын мәнінде толық көлемде кепілді тегін ем алу мүмкіндігіне ие екенін, ал аурухана қызметкерлері өз еңбегіне сай еңбекақы ала алатынын көрсетеді.