АККА көпсалалы ақылы бөлімшесі

АККА көпсалалы ақылы бөлімшесі 35 кереуетті - құрамында кардиологиялық, пульмонологиялық, нефрологиялық, гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық, неврологиялық, урологиялық, травматологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық кереуеттері бар, жақ – бет хирургиясы мен ЛОР бөлімшелерін қамтып жұмыс атқарады. Бөлімше 2 қабатта орналасқан, ыңғайлы екі орынды палаталар теледидармен тоңазытқышпен қамтамасыз етілген.

 

Бөлімше меңгерушісі Копбаева А,Б. Жоғары санатты кардиолог және пульмонолог дәрігер, жұмыс өтілі 30 жылдан астам.

Бөлімшеде жоғары санатты дәрігерлер жұмыс жасайды, науқастарды тәжірибелі мамандандырылған бөлімше меңгерушілері жүргізеді. Мейірімді және білікті мейірбикелер тәулік бойы науқастарға күтім жасайды.

Бөлімшеде толық лабораторлы клинико-биохимиялық зерттеулер, ЭКГ, эхокардиография, компьютерлі томография, құрсақ қуысы ағзаларының, кіші жамбас, кеуде қуысының УДЗ, рентгенологиялық зерттеулер, спирография, бронхоскопия, бауырды фиброскан аппаратымен зерттеу жүргізіледі.

Бөлімшедеөт - тас аурулары, аппендицит, жатырдан тыс жүктілік, аналық без кистасы, аналық без апоплексиясы, варикоцелемен ауыратын науқастарға шағын инвазивті лапароскопиялық, және диагнозды нақтылау мен қою мақсатында диагностикалық лапароскопиялық операциялар жүргізіледі, осы жетістіктер арқасында науқастардың стационарда болу және ерте реабилитация мен сауығу уақыттары қысқарады және косметикалық әсерін де ұмытпауымыз керек.

Біздің науқастарымыз операциядан кейінгі кезеңде төсектен ерте тұрады, операциядан кейінгі ауру сезімі мазаламайды, операциядан кейінгі 3 күні ауруханадан шығарылады. Осылайша, біздің науқастарда ерте операциядан кейінгі асқынулар дамуы төмендеген.

Көптеген біздің және өзге де облыстардың тұрғындары, Алматыда бірнеше жыл көлемінде уақытша тұратын және жұмыс жасайтын, еш жерде қаралмайтын, диспансерлік есепте тұрмайтын науқастар біздің Клиникаға ауыр жағдайда, еш зерттеусіз және жолдамасыз өздігінен қаралады. Бұл науқастар өз еркімен келісім шартты негіздебіздің ақылы бөлімшеге жатқызылады. Кейбір тыныс ағзалары мен қан айналым жүйелерінің созылмалы аурулары бар біздің бөлімшеде емделген науқастар жылына 2 – 3 рет өз еркімен профилактикалық ем алуға жатады. Біздің науқастар шығарылған кезде зерттеу мен емдеу нәтижелеріне, күту мен тамақтануға, ауруханада болу жағдайларына өте риза.

Біздің бөлімшедегі барлық эндоскопиялық операциялар жоғары нәтижелі болады, сол себепті науқастар ауруханаға жатуға бізге келеді.

Бөлімше дәрігерлері емдеу мен диагностиканың заманауи әдістерін енгізуде, өз жұмыстарының нәтижелерін талдап, баспаға шығарып отырады. Үнемі жаңа дәрілік заттардың сынамасы жүргізіліп отырады. Бөлімше дәрігерлері тұрақты түрде ғылыми – тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдарға, съезддерге қатысып тұрады.