Күндізгі стационар

Кундізгі жатып емделу бөлімшесі 2014 жылдан бастап жуміс істейді. Бастапқыда меңгеруші болып дәрігер Елболов Тельман Көпбай ұлы істеген. Ал 2015 жылдан бері меңгеруші қызметін дәрігер терапевт-кардиолог Молдабекова Айгұл Тоқанқызы атқарады.

Бұл бөлімшеде тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, солардың бірі жоғарғы категориясы маман Мадиярова Дарияш Мадияр қызы аға мейірбике қызметін атқарады. Біздің бөлімше 10 орынға дейін науқастарды Алматы облысының барлық аудандарынан арнайы жолдамамен және шұғыл жағдайда қабылдап жоғарғы сапалы тегін медициналық көмек көрсетіледі . Бөлімшеде жатып науқастар қосымша физиотерапиялық ем, массаж қабылдай алады. Кундізгі жатып емделу бөлімшеде жұмыс істейтін халыққа оң әсері тиеді өйткені олар кешкі және тұнгі уақытын уйде өткізеді.