Консультациялық-диагностикалық бөлімше

Диагностикалық кеңес беру бөлімі жеке 2001жылы құрылған содан бері Лор дәрігер , Травмвтолог ,Стоматолог, Неврапотолог, Гинеколог дәрігерлері мен кабинеттермен жабдықталған.

Казіргі уақытта кеңес беру бөлімін травматолог дәрігер Елболов Т.К басқарып отыр.

Бөлімше құрылған кнүннен бастап жоғары санатты дәрігерлер науқастарды емдеп және кеңес беріп келеді,атап айтар болсақ Умбетжанова К.Н, Бастаубаева А.К ,Елболов Т.К, Нурбеков Е.С, Сайлау З.С, жоғары деңгейде меңгерген білгір мамандар ретінде мақтанышпен айтуға болады. Жолдамамен келген науқастарды тексеріп партал арқылы жатқызу керек болса өз кеңестерін береді Кеңес беру бөлімінің аға мейірбикесі Рашидова М.Я ,мейірбикелер Керимкулова Х.А , Хусайнова Б.А, Розбакиева А.А, Тохтарбаева М.М, Кусайынова А.Ж, Мейіркештер Хабдыраш С, Сабденбекова К, өз міндеттерін толық меңгеріп жауапкершілікпен өз қызметтерін адал атқарып келеді Кеңес беру бөлімі 2014жылдан бастап амбулаториялық көмек көрсету яғни АПП мен жұмыс істеп келеді Содан бері барлық аудандар науқастарды кеңес беру бөліміне жоспарлы түрде АПП арқылы жіберіп отырады.


В поликлинике проводятся консультаций ведущих специалистов Алматинской области:

ФИОКонсультантЧасы приема

Елболов Т.К.

врач травматолог 1 категорий

8.30-17.00

Бастаубаева З.

врач стоматолог высшей категорий

8.30-14.30

Сабирова Р.Р.

врач гастроэнтеролог 1 категорий

08.30-14.30

Назарбаева С.М.

врач офтальмолог 1 категорий

10.30-12.30

Бейсенов Б.О.

врач нейрохирург высшей категорий

10.30-14.30

Сыманылова Н.

врач кардиолог

10.30-12.30

Нурбеков Е.С.

врач сосудистый хирург 1 категорий

10.30-12.30

Умербекова А.М.

отолоринголог

10.30-12.30

Танабаева М.Д.

Сурдолог высшей категорий

8.30-14.30

Умбетжанова К.Н.

высшей категорий невропатолог

8.30- 14.30

Тарих

Мұндай емхана кез-келген медициналық мекеменің жұмыс істеуіне әсері мол. Алғаш Алматы қаласындағы Малая Станицада ашылған облыстық аурухана құрамында осындай бөлім болды. Ол кезде аурухана мен емхана бір ғимаратта орналасуы себепті медицина қызметкерлері мен келушілерге көп қиындықтар туғызды. Зертхана, рентген, диагностика секілді қызметтер толықтай дамымаған еді. Осындай қиыншылықтарға қарамастан емхана жұмыс істеп, науқастарды қабылдап, тиісінше облыс тұрғындарына ақыл-кеңес беруді тоқтатпады. 250 орындық аурухана мен тәулігіне 500 адамды қабылдайтын жаңа емхана ғимараты тұтынуға берілгеннен бастап облыстың медицина қызметіне жан кірді. Клиника-диагностикалық, биохимиялық зертхана, рентген-физио бөлімі, пансионат және т.б. осы емхана құрамына енді. Емхананың 2-қабатында орналасқан 30 орынды пансионаттың халыққа берері көп болды. Алыс аудандардан келген науқастар теледидармен, душ кабиналары, асханасы бар жайлы да таза жатын орынға орналасты.

1967-80 жылдары емханалық жұмыс бойынша бас дәрігер орынбасары болып С.Н.Нудельман қызмет етті. Облыстық аурухана мен емхананың іргетасын қаласқан С.Нудельман өз қызметіне адал, мамандығына тиянақты маман бола білді. 1970-90 жылдары емханада арнайы мамандандырылған мамандық бойынша бөлім меңгерушілері мен кафедра қызметкерлері ақыл-кеңес жүргізді. Емхана дәрігерлері облыстың алыс аудандарына тұрақты түрде шығып халыққа қызмет көрсетті. Емханаға келушілер саны артып, 90 жылы шамамен 200 мың адам қабылдаса, бұл көрсеткіш қазір 50-60 мыңға жетті. 1982 жылы облыстық клиникалық аурухана қызметіне мол еңбек сіңірген Е.К.Қайыров бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды. Ол 1967-71 жылдар аралығында хирургия бөлімінің қызметін атқарды. 1971 жылы Талдықорған облысы Алакөл аудандық ауруханасына бас дәрігерлік қызметке ауысты. «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған ол жоғары дәрежелі дәрігер, 1974-82 жылдар аралығында облыстық клиникалық аурухананың травматолог дәрігері болған тәжірибелі маман.

Жылына 2000-нан 2500-ге дейін зерттеу мен емдеу ісі жүргізіледі. Емханада Ф.И.Романцов, К.М.Журавлев, И.М.Жаркова, Л.П.Гудкова, Р.Н.Дедюхина, медбикелер А.Е.Заворухина, М.И.Фищук, Ш.М.Рамаданова, М.Я.Рашидова, И.М.Серова, Г.М.Воробьева, К.Әбдіманаповалар ұзақ жыл жұмыс істеді. Осы аты аталған қызметкерлер емхана ісінде халыққа қызмет көрсету сапасы бойынша жақсы бағаға ие болды. Қазіргі таңда Б.Г.Дулкулова емхана меңгерушісі болып қызмет атқарады. 10 жылдан бері жабылып қалған бұл емхана облыс тұрғындарының денсаулығына тиісінше әсер етіп, тек 2011 жылы ғана арнаулы қызметтік бөлімдер бөлінгеннен кейін қайта аяғынан тұрып келеді.

Кафедра қызметкерлері Алматы облысының тұрғындарына сапалы да мамандандырылған қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ем көрсетуден басқа, кафедра қызметкерлері ғылыми істермен де шұғылданады. Оразаева, Ж.Қаздаева, Б.Т.Қилымжанова, М.Ш.Искаков, У.О.Кенебаев, Ж.Айдарбековтардың кандидаттық диссертациялары қорғалды.

Бет-жақ сүйектер аумағын қалпына келтіру үшін силикон және титан импалнтантар арқылы сынық пен күйіктің орнын сапалы емдейді. Кәсіби біліктілікті арттыру үшін бөлімше қызметкерлері АГИУВ пен жақын шетелдердің институттарында білімдерін жетілдіріп, түрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып тұрады. Алматы облысында бірде бір ауруханада бет-жақ сүйектер хирургиясы бөлімшесі болмағандықтан аталмыш бөлімше облыстағы алдыңғы қатарлы ем жасау орталығы қызметін атқарып отыр. Осы қол жеткізген нәтиже белесінде қалып қоймай, одан әрі біліктілікті арттырып, халыққа қызмет көрсету сапасын көтере беруді мықтап қолға алып отыр.