Урологиялық бөлімшесі

Урология бөлімшесі 16 төсектік орынға арналған.

Бөлім меңгерушісі: жоғары санатты дәрігер м.ғ.д. Хамзин А.А.

Бөлімшеде жұмыс істейді:

  1. Шыныбаев Т.Б.- жоғары санатты дәрігер
  2. Жасыбай Б.Ж.- жоғары санатты дәрігер
  3. Жумагулов Е.М.

Бөлімшеде Алматы қаласы және Алматы облысы тұрғындарына жедел және жоспарлы түрде жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

Операция түрлері:

  1. Жанаспалы-лазерлік уретеролитотрипсия.
  2. Жанаспалы-лазерлік пиелолитотрипсия.
  3. Жанаспалы-лазерлік цистолитотрипсия.
  4. ҚАБҚ биполярлы ТУР-ы.
  5. Қуық полипіне биполярлы ТУР.
  6. Қуықарқылы аденомэктомия.
  7. Нефрэктомия.
  8. Асташалық-несепағарлық сегмент пластикасы.
  9. Қуық лейкоплакиясына биполярлы ТУР.
  10. Пиелолитотомия.
  11. Уретеролитотомия.
  12. Оптикаішілік уретротомия.
  13. Цистостомия (цистолитотомия).
  14. Уретра стриктурасын буждау.
  15. Ішкі стент-катетерді орнату.

Тарих

1952 жылы қайта ұйымдастырылған Алматы облыстық ауруханасының хирургия бөліміне қарасты 75 орынның құрамында урология бөлімі болатын. Тек 1968 жылы ғана 30 орындық урология бөлімі ресми түрде ашылды. Урология бөлімін Т.Ж.Жұмағұлов, Е.Ж.Жалбағаев, Б.К.Шыныбаев, А.Х.Гильязов, Н.Д.Сарбеков, О.Т.Мұхамедрахимовтар басқарды. Өзінің қалыптасқанынан бері бұл бөлім Алматы облысының тұрғындарына арнаулы медициналық білікті қызмет көрсетіп келеді. Б.У.Жарбосынов атындағы Урология ҰО мен АГИУВ урология кафедраларымен тығыз байланыста. Урология бөлімінің дәрігерлері үнемі өзінің біліктілігі мен кәсіби даярлығын арттырып отырады.

Бөлімде 4 дәрігер оның ішінде 2-уі медицина ғылымының кандидаты. Қуықасты безінің гиперплазиясын, қуықтағы тас, қуық жолдары, бүйрек қабынуы, қуық қабынуы секілді науқастарға ем көрсетеді.

Аурухана әкімшілігі заманауи урологиялық «Дорниер» фирмасының уретерореноскоп, лазерлі литотриптор секілді емдік құралдарын, операция жасайтын бөлме «ГСМ» компаниясы өнімімен жабдықтаған, сондай-ақ «Р Уолф» фирмасының жабдықтарымен қамтылған. Қуықасты безіне трансуретралдық ота жасау, лазерлік литротрипсия, қуықтың түрлі дерттеріне ем жасалады.

Медицина ғылымының докторы А.А.Хамзин басшылық ететін медицина институтының урология кафедрасы барлық сауалдардың жауабын табуға қолұшын береді. Бөлімше мамандары басылымдарға ғылыми материалдар шығарып, және шетелдерде ғылыми жиналыстар мен оқуға барып тұрады.

Бір сөзбен айтқанда АМКБ урология қызметі өзінің тарихи дәстүрі бар бөлім. Бір кездері бұл жерде Қазақстанның әйгілі урологтары атап айтқанда – В.В.Брюшков, Ш.И.Искакбаев, А.Х.Гильязов, М.К.Алшынбаев, Б.Б.Шалекеновтер жұмыс істеген. Бөлімшені ұзақ жыл жоғары санатты уролог дәрігер Б.К.Шыныбаев басқарды. Ол ота жасаудың өзіндік әдіс-тәсілін қалыптастырған аса талантты хирург еді. Көптеген уролог маман тәрбиелеген абыройлы дәрігер ретінде Жарбосынов атындағы Ғылыми сараптамалық институттың аттестациялық комиссиясының мүшесі боп сайланды. Ұзақ жылдар ОКБ-ның емдік жұмыстары жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды.