Травматологиялық бөлімшесі

Жарақат бөлімі 25 төсекке арналған, оладың ішінде 15 төсек- жедел жарақат, 10 төсек- ортопедия.













Бөлім меңгерушісі Малаев Т. А.- жоғарғы дәрежелі маман.


В отделений работают :

  • Есентаев Е.А.- Бірінші дәрежелі дәрігер.
  • Акимбаев Ж.Н.- Бірінші дәрежелі дәрігер.
  • Рустамов Г.Х.- Екінші дәрежелі дәрігер.
  • Елболов Т.К.- Екінші дәрежелі дәрігер.
  • Жанысов М.Б.

Услуги

Бөлімде Алматы және Алматы облсы тұрғындары жедел және жоспарлы науқастарға жоғары дәрежелі көмек көрсетіледі.

Виды операций:

  1. Жамбас ұршық буынының эндопротезі.
  2. Тізе буыны эндопротезі.
  3. Жамбас сүйегі сынықтарының остеосинтезі.
  4. Аяқ-қол сүйегі сынықтарының остеосинтезі.
  5. Жалған буынға сүйек-пластикалық отасы.
  6. Асқынған жарақаттар отасы.
  7. Илизаров аппаратымен ошақтан тыс компрессионды-дистракциондық остеосинтез.
  8. Күйік және тері дефектісі кезінде терілік аутодермопластика.

Барлық операциялар жоғарғы технология және заманауи импланттармен жасалады.

Травматологиялық көмек көрсетудің даму сатылары

Алматы облысық ауруханасында мамандандырылған 30 төсектік травматология бөлімшесі 1968 жылы құрылды. Профессор А.У. Сегізбаев басшылығымен АГИУВ травматология-ортопедия кафедрасының клиникалық ординаторы Т.К. Айтуғанов бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Травматология бөлімшесі 1969 жылы 60 төсектік болып кеңейтілді. 1970 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетінің профессоры К.А. Пальговтың басшылығымен Алматы облыстық ауруханасында травматология – ортопедия кафедрасының базасы құрылды. М.ғ.д., профессор К.А. Пальговтың және бөлім меңгерушісі Т.К. Айтуғановтың басқаруымен кафедра кызметкерлері жарақаттық – ортопедиялық потологиясы бар науқастарды емдеу диагностикалық және оперативті емдеу дәрігер мамандарын, медбикелер, операциялық медбикелер, гипс салушы техниктерді дайындап, маман даярлау ісіне үлкен үлес қосты. Травматология бөлімшесіне обылыстың барлық аудандарынан жедел жарақат алған және ортопедиялық патологиясы бар науқастар қабылданып жатты. Алматы облыстық клиникалық ауруханасының травматолог-ортопед дәрігерлерінің белсенді қимылының нәтижесінде 1971-1972 жылдары Талғар ауданындағы Панфилов елді мекенінде 30 төсектік жеке травматологиялық мекеме құрылып, Қаскелең қаласы аудандық ауруханасында травматология бөлімі мамандармен қамтамасыз етілді. 1972 жылы профессор А.У. Сегізбаевтың бастамасымен кеңес беру бөлімшесінің құрылуына байланысты травматология – ортопедия кафедрасы № 4 қалалық клиникалық ауруханасына көшірілді.

Алматы облыстық клиникалық ауруханасы травматолог дәрігерлерімен бірге нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Е.А. Азаров, доцент Н.А. Беримжанов, нейрохирургия бөлім меңгерушісі М.К. Кужеков басқаруымен бас сүйегіне трепанация жасау, миішілік гематоманы алу, ламиноэктомия, шеткері нерв талшықтарын қалпына келтіру операциялары жасалынды. 1970-1980 жылдары Сызғанов атындағы ғылыми хирургиялық орталықтың дәрігер мамандары У. Жакупов және Т. Егембердиев сынды дәрігерлер үлкен ангиохирургиялық комек көрсетті. 1972-1976 жылдары бөлімшеге В.П.Волков, С.Х. Хафизов сынды травматолог-ортопед дәрігерлері сол сияқты Ұлы Отан соғысының ардагері медицина қызметінің қатардағы полковнигі травматолог – ортопед П.М. Журавлев, сол сияқты травматолог – ортопед дәрігерлер В.И. Назаренко, Е.С. Алибеков сынды дәрігерлер қабылданды. 1974 жылдан бастап травматология бөліміне Каиров Е.К., Казыбаев А.К. , Шанбулатов У., Айдарбеков Д., Ташенов Д.К., Жаргенаев А., Курбанов К., Сейпильмаликов А.М. сынды дәрігерлер жұмысқа қабылданды. Ташенов Д.К. және Курбанов К. сынды дәрігерлер ғылым жолында білімдерін жетілдіріп, медицина ғылымдарының докторы, профессор атақтарын алды. 1978 жылдары травматология бөлімшесі 70 төсекке оның ішінде 30 төсектік нейрохирургиялық бөлімше болып кеңейтілді. 1976 жылдан бастап 2012 жылғы дейін бөлім меңгерушісі болып жоғарғы дәрежелі травматолог- ортопед дәрігері «Знак почета» , «Құрмет» ордендерінің иегері, СССР және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауының үздігі Қазыбаев А.А. басшылық етті. 1970 жылдың ортасында бас қантамырларының ангиографиясы, сүйек фрагменттерін ультрадыбысты аппаратпен кесу мен жалғау, бас миына эхоэнцефолаграфия жасау, сол сиякты қуыс сүйектерінің ашық сынуында және жалған буынында Иллизаров аппаратын салу кеңінен қолданыла бастады. 1991 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетінің ортопедия – травматология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Султанбаев Т.Ж. Алматы облыстық травматология бөліміне кеңес беруші болып тағайындалды. 2009 жылдан бастап м.ғ.д., профессор Т.Ж. Султанбаевтың басшылығымен жамбас сан буынына эндопротез жасау, 2011 жылдан бастап қуыс сүйектерге тіреуіш стержень арқылы металлоостиосинтез жасау қолға алынды. Қазіргі кезде бөлімшеде Малаев Т.А., Исеев Н.Н., Торе К., Рустамов Г.Х., Акимбаев Ж.Н., Кадыров О.Х., Елболов Т.К. сынды жас травматолог- ортопед дәрігерлері жұмыс жасауда. Дәрігерлер мамандандырылған, білімі жетік. 2012 жылдың наурыз айынан бастап жоғарғы дәрежелі травматолог-ортопед дәрігері Малаев Т.А. бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. Коп жылдар бойы бөлімшенің аға медбикесі болып Букушова Б.С. жұмыс жасауда. Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасының бас дәрігері м.ғ.к.Тұрысбеков К.Т. және ортопедия – травматология және Ә.Д.Х. кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Т.Ж. Султанбаевтың басқаруымен Алматы облысының тұрғындарына травматологиялық, ортопедиялық көмек көрсету жалғасып дами береді.