Перзентхана бөлім

Босану бөлімшесі Алматы Көпсалалы Клиникалық Аурухана құрамына кіреді. 60 орынға арналған төсек-орын, жүкті әйелдерге, босанушыларға, және де баланы күтуге арналған жоғары дәрежелі акушерия-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсететін Алматы облысындағы кең салалы босануға көмек көрсететін мекеме. Босану бөліміне 20 төсекке арналған әйелдер патологиясы бөлімі,40 төсекке арналған босанғаннан кейінгі бөлімі, 9 орындық жаңа туылған балаларға арналған реанимация бөлімі кіреді.

Босану бөлімінің құрамы:

Бөлім меңгерушісі Жумадуллаева Гульжахан Сыздыққызы -жоғары дәрежелі дәрігір.

Бөлімде 14 акушер – гинеколог жұмыс жасайды,олардың 5-і жоғары дәрежелі дәрігер,4-і бірінші дәрежелі, 2-і категориямен 3 дәрігер, категориясыз екі дәрігер.

«Қауіпсіз ана» бағдарламасы бойынша практикалық жұмыста жаңа перинатальды технологиялар қолданылады: нәрестені ана кеудесіне қойып ерте емізуді бастау,ана мен баланың бірге болуын, бала қалауы бойынша тамақтандыру, босануға психопрофилактикалық дайындық, серіктес босану, кесар тілігі, гестоздарды емдеу, босануда және ота жасауда аурусыздандыру, антенатальды бақылау сапасын жақсартуға ультрадыбыстық зерттеуге арналған жаңа заманғы аппараттар көмектеседі.

 

Жүкті әйелдер патологиясы бөлімі құрамы.

Жүкті Әйелдер патологиясы бөлімі 20 төсекке арналған,босану бөлімінің құрамына кіреді.

Бөлім меңгерушісі Жексембаева Гульнара Кенжегазыевна-жоғары дәрежелі дәрігір.

Бөлімде бірінші дәрежелі 1 акушер – гинеколог жұмыс жасайды.

Патология бөлімінде жүргізіледі: экстрагенитиальды патологиясы бар жүкті әйелдерді бақылау, гестоздарды емдеу, ұрықтың КТГ мониторингін жүргізу, «Қауіпсіз ана» бағдарламасы бойынша ағзаны табиғи жолмен және кесар тілігі арқылы босандыруға дайындау.

 

Тарих

Ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесі еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларында айқын көрсетілген мемлекеттік даму саясаты осы ана мен баланы қорғау, бала туу санын арттыра отырып кісі өлімін азайту, сондай-ақ ана мен бала денсаулығын жақсарту екендігі белгілі. Халықтың демографиялық ахуалын реттеу үшін акушерлік көмекті ұйымдастыру аса маңызды шара. Біз айтып отырғандай ана мен баланы қорғау саясаты КСРО кезіндегі басты ұстаным болған еді. Осы орайда 80 жылдардың басында облыстық перзентхана ашу мәселесі күн тәртібінде тұрды. Ол кезде 1-2 саты акушерлік көмек көрсету қызметін қамтамасыз ететін перзентхана бөлімі (ОРА) Орталық республикалық аурухана құрамында болды да, жоғары деңгейлі акушерлік көмек көрсету қызметі облыста болмады. 1977-2002 жылдар аралығында облыстың бас акушер-гинекологы К.Р.Мамбетова үшінші деңгейлі стационар-перзентхана ашу мәселесін көтерді. 1982 жылы облыстық клиникалық аурухана жанынан акушерлік-гинекология корпус құрлысы басталып, ол 1986 жылы тұтынуға берілді.

1986 жылдың 16 қаңтарындағы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен облыстық-клиникалық аурухана жанынан 85 орындық перзентхана бөлімі ашылды. Перзентхана стационары ашылғалы бері және осы күнге дейін облыстағы жүкті, босанған әйелдерге, өмірге жаңа келген сәбилерге сапалы қызмет көрсетіп келеді. 1980 жылдардың аяғында КСРО Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала өлімін азайтып перинаталды көрсеткіштің төмендеуі мақсатында және де тұрғылықты халыққа көрсетілер медико-санитарлық көмектің сапасын арттыру мақсатында перинаталды орталықтар ашу туралы шешім қабылдады. 1988-93 жылдар аралығында сараптама қорытындысы перинаталды, бала және ана өлімінің көрсеткішінің облыс көлемінде төмендеуге бет алғандығын көрсетті. Осы көрсеткіштер нәтижесіне орай заманауи медициналық көмек пен жүкті әйелдерге сауатты акушерлік қызметті және де ана мен бала өлімі мен сырқаттарын азайтуды көздеп 1994 жылдың 19 қаңтарында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Б.С.Құрбалаеваның бұйрығымен перзентхана бөліміне қарасты 1990 жылы құрамында акушер-гинеколог, реаниматолог, неонатолог-реаниматолог, медбике мен реанимобиль жүргізушісі бар тәулік бойы жұмыс істейтін мобильді реанимациялық бригада құрылды. Бригада перинаталды орталық құрамында жасақталып облыс көлемінде кезекшілікпен қызмет көрсетті. Оның құрамында жоғары дәрежелі, облыстық ауруханада 20 жылдан астам қызмет еткен тәжірибелі дәрігерлер Н.Д.Иделбаева, М.И.Мун, А.З.Анцупова, М.Ж.Бүлдекбаев, Н.Б.Филиппова, М.К.Кащеев, И.Н.Чернова секілді білікті мамандар қызмет етіп, олар көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға ат салысты. Облыстық денсаулық сақтау басшысының ықпалымен 150 орындық облыстық перинаталды орталық ашылды. Бұл орталық жүйесі:

40 орындық жүктілік патологиясы,

- 30 орындық обсерватория бөлімі,

- 20 орындық балалы әйелдер бөлімі,

- 30 орындық гинекология,

- 30 орындық жас сәбилерді күтудің екінші этаптық бөлімі болып жасақталды.

Бұдан өзге 50 орындық жаңа туған сәбилер бөлімі, 6 орындық жүкті және босанған әйелдер реанимациясы бөлімі және 6 орындық жас сәбилер реанимациясы бөлімі жұмыс істеді.

Перинаталды орталық құрамына қан құю, физиотерапевтік және функционалды диагностика кабинеттері қосылды. Орынбасары К.М.Жүнісова көп ықпал етті. Оның өз мамандығына деген адалдығы, денсаулық сақтау қызметін осындай қиын кезеңде жақсартуға деген сенімі мен жігері перинаталды орталықты ашуға қаржы бөлдіруге қол жеткізді.

Перинаталды орталықтың ашылуы денсаулық сақтау саласында өзіндік орынға ие болып, Алматы қаласы мен облысының жұртшылығы және медицина қызметкерлерінің зор қолдауына ие болды. Перинаталды орталықтың ресми ашылуы 1994 жылдың 26 қаңтарында сол кездегі денсаулық сақтау министрі В.Н.Девятко, облыс әкімінің орынбасары Т.М.Мамашев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.С.Құралбаевтың қатысуымен салтанатты түрде өтті. Орталық ашылғаннан кейін облыс тұрғындары арасында кездесетін акушерлік ауыр жағдай мен экстрагенитальды асқынулар ауыздықталып, осы дерттің алдын алу жөнінде көрсетілетін көмек бір жүйеге қойылды. Орталық жанындағы жаңа туған сәбилерге қамқорлық көрсету бөлімі облыста алғаш ашылған медицналық мекеме болып қана емес, көрсеткіш бойынша сәби өлімінің төмендеуіне және азаюына алып келді. Перзентхана бөлімі болып халыққа қызмет көрсеткен перинаталды орталық тарихында білікті дәрігерлер мен тәжірибелі медицина қызметкерлері арасында мамандар ауысымы сақталып келеді. Аталмыш орталықта акушер-гинекология қызметінің білгірлері А.П.Давыденко, И.А.Штинова, Н.И.Калеева, Н.Д.Иделбаева, М.М.Мун, А.З.Анцупова, А.А.Ивашкина, З.Ж.Нұрахметова, невропатолог дәрігер Е.А.Долговалар өздерінің тәжірибелерін келесі ұрпақ өкілдері У.Д.Кілтбаева, Ч.А.Сармолдаева, Г.С.Мамырбаева, Г.К.Қадірсізова, Т.С.Бәсібекова, Г.К.Жексенбаева, Р.Г.Мұсаева секілді жас дәрігерлерге бере білді.

Сондай-ақ, перинаталды орталықта Д.М.Мадиярова, А.О.Омаржанова, Г.Н.Алпысбаева, Г.Сисенбаева, медбике Ғазиза Избаевна секілді акушерлер көп жылдар бойы еңбек етті. 1986-2000 жылдар аралығында перинаталды орталық қызметінің көрсеткіштеріне көз жүгіртсек 27 800 бала босану тіркеліп, оның жартысынан көбі ауыр халдегі акушерлік патологиясы бар екенін байқаймыз.