Көз аурулар бөлімшесі

Көз аурулар бөлімшесі Алматы облысының оңтүстік өңірінің тұрғындарына көмек көрсетеді.

Тілеубаев Нұрлан Төребекұлы – бөлім бастығы, к.м.н. жоғары санатты.

Дәрігерлер:

  • Шубаева Айгүл Темірқызы – жоғары санатты
  • Кравцов Алексей Сергеевич – ІІ санатты
  • Назарбаева Светлана Мұхтарқызы – офтальмологиялық дәрігер

Операциялар: Ультрадыбыс көмегімен катаракта және жұмсақ линзаларды имплантациялау. Глаукома – гипертензиялық операциялардың барлық түрлері, көзге терең енген жарақатқа операциялар, қыли көздерге жасалатын операциялар, амбулаторлық операциялардың барлық түрлері жасалынады.

Жабдық: LEGASY факомашинасы, LEICA операциялық микроскобы, А-В скан ультразвугы.

Тарих

2007 жылы көпсалалы клиникалық аурухана басшысы У.Д.Кілтбаева мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының араласуы нәтижесінде тұңғыш рет 20 орындық көз ауруларын емдеу бөлімі ашылды. Көз аурулар бөлімі құрамында 4 қала (Қапшағай, Қаскелең, Есік және Талғар) мен 9 аудан бар Алматы облысының жүртшылығына офтальмологиялық көмек көрсетеді. 1 миллионнан астам халқы бар Алматы облысы үшін облыстық клиникалық аурухана жанынан халыққа офтальмологиялық көмек көрсететін арнаулы көз аурулары бөлімінің ашылуы үлкен жетістік еді. Оның үстіне бөлім меңгерушісі болып, көз аурулары ғылыми зерттеу институтында жұмыс істеген, м.ғ.к., жоғары дәрежелі дәрігер, кей оталар жасауда тәжірибесі мол Н.Т.Тілеубаевтің келуі медициналық қызмет сапасын арттыра түсті.

Офтальмохирургия – көз аурулары хирургиясындағы аса қажетті медициналық көмек екені белгілі. Ол үшін ЛЕГАСИ факомашинасы, ЛЕЙСА фирмасының ота жасау микроскоптарымен жабдықталған арнайы бөлме пайда болды.

Бұл бөлімде 4 дәрігер жұмыс істейді. Олардың екеуі жоғары дәрігерлік категорияға, м.ғ.к. үміткер деген атаққа ие.

Бөлім қызметкерлері Уфа мен Санкт-петербургтің алдыңғы қатарлы клиникаларында тәжірибесін арттырып келеді. Кәсіби біліктіліігін арттыру мақсатында Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты мен Алматы мемлекеттік институтының дәрігерлік санатты көтеру базасында арнайы оқудан өтіп, еліміздегі және алыс-жақын шет елдердегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады. Стационар өз жұмысын бастағаннан бері 10 000-нан астам адам дәрігерлердің ақыл-кеңесін алып, түрлі офтольмологиялық 4 000 науқасқа ота жасалды. Заманауи диагностикалық құрылғылар мен хирургиялық құрал-жабдықтарға қол жеткізуде көз ауруларын емдеу ісіне инновациялық технологияларды енгізуге қол жеткізіліп отыр.