Жүйке бөліміні бас ми қан айналымы бұзылысы ауруларына арналған

Жүйке бөлімінде Алматы облысының бас ми қан айналымы бүзылысы аурулары күнделікті, тәулік бойы, жоспарлы медициналық көмек, сауықтыру және қалпына келтіру, орталық жүйке жүйесі және шеткері жүйке жүйесі бұзылысымен ауыратын науқастарға жоғары мамандандырылған көмек корсетіледі. ШЖҚ «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК материалды-техникалық базалармен, барлық көмек көрсету түрлері бар.

60 жылдың ішінде жүйке бөлімі ШЖҚ «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК базасында бас ми қан айналымы бұзылысы ауруларын тексеру және емдеу қазіргі заманға сай толық қамтамасыз етілген.

Жүйке бөлімінде жедел бас ми қан айналымының бұзылысы амбулаторлы-стационарлы және тексеруге қабылдау теориялық және практикалық түрде нақастың салыстырмалы диагнозын талқылап (ишемиялық және геморрагиялық асқыну процесін орталық жүйке жүйесін және шеткері жүйке жүйесін) түрлері анықталады.

Жүйке бөлімінде жоғары дәрежелі жүйке дәрігері Абдримов Аскар Абдримович қызмет атқарады.

Жүргізу жұмыстары асқынулармен, емдеу шаралары келесі тексеру құралдарымен қамтамасыз етілген: УДДГ, УДЗ іш қуысын, Компьютерлі томография және биопсиялық тексеру.

Науқасты емдеу шаралары қәзіргі заманға сай дәрі-дәрмектермен: тамырлық-ноотропты дәрілер, заман талабына сай 4-ші топтағы антибиотиктер, гемостатиктер, антиоксиданттар және метоболикалық дәрілер. Барлық дәрі-дәрмектер толық зерттеу жұмыстарынан кейін дәлелденген медицина талаптарына сай егіледі.

Әріптестерімен бөлімшеде күнделікті жұмыс барысы және жан-жақты білімімен мәлімдемелер арқылы конференция жасап отырады.

Тарих

Неврологиялық бөлім облыстық клиникалық аурухана құрылған 1952 жылдан бері бар. Оның 30 орын-төсегі болды. Алғаш бұл бөлімді Геннадий Иванович Чадский басқарды, мұнда ол 1968 жылға дейін жұмыс істеді.

Бөлімнің міндеті жүйке жүйесі ауырған адамдарға жоғары білікті неврологиялық көмек көрсету болды. Г.И.Чадский бөлімшенің негізін қалады, оған білікті кадрлар жинақтады.

1958 жылы Г.И.Чадский ғылыми жұмысқа ауысып, оның орнын КСРО-ның еңбегі сіңген дәрігері Владимир Георгиевич Фризе басты. Бұл жылдарда неврологиялық бөлім Алматы мемлекеттік медициналық институтының жүйке ауруларының клиникалық кафедрасында болды. 1988 жылы В.Г.Фризе жасы келген соң құрметті демалысқа шықты. Фризеден кейін неврология бөлімінің меңгерушісі қызметі жоғары категориялы дәрігер Эмма Петровна Коржға жүктелді. Өз кезегінде бұл кісі құрметті демалысқа салтанатты түрде 1994 жылы жіберілді.

Айтатын бір жай: 1994 жылы неврология бөлімі 40 орын-төсектен 30 орын-төсекке қысқарып, аты «нейротамырлық» бөлімге ауысты.

Э.П.Корж кеткен 1994 жылдан бері қазірге дейін неврологиялық бөлімді жоғары категориялы дәрігер Асқар Абдримұлы Абдримов ойдағыдай басқарып келеді.

Ерекше еңбегі үшін А.А.Абдримов 2002 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағын алып, кеуде белгісімен марапатталды.

Осылайша әр жылдарда ОКА неврологиялық бөлімін лайықты тұлғалар басқарды. Олар қызмет көрсетудің, тексерудің, пациенттерге диагноз қоюдың сапалық та сандық көрсеткіштерін жақсартып,емдеуге жаңаша көзқарасты, әдістерді енгізді, жас мамандарды даярлау ісін жүргізді. Осының барлығы жаңа технологиялардың көмегінсіз-ақ атқарылды.

Неврологиялық бөлім құрылғаннан бастап онда ұзақ жылдар мына дәрігер - невропатологтар жұмыс істеді: А.А.Шестакова (1962-1992 ж.), Г.И.Русанов (1972-1986 ж.), М.И.Матронина (1972-1990 ж.), К.Ю.Ювашев (1972-1983 ж.), К.Н. Булатова (1974-1985 ж.) , Б.Н.Сырғабаев (1984-1992 ж.), Г.Әбдраманова (1986-1996 ж.), К.Назаров (1990-1994ж.), М.Т.Сейдуманов (1992-1995 ж.),Б.А.Бекбаев (2000-2010ж.).

Ұзақ жылдар аға медбике қызметін атқарғандар: М.Тазикова (1972-1980 ж.), В.Панютина (1980-1986 ж.), В.Терминасова (1986-1991 ж.),Салиха Дүмшебаева 1972 жылдан медбике болып істесе, ал 1991 жылдан қазіргі күнге дейін аға медбике, Д.Садабаева 1990 жылдан қазірге дейін жұмыс істейді және орта медициналық қызметкерлері арасында ең бір өнегелісі болып саналады.

Бөлімде ұзақ жылдар білікті медициналық бикелер болып жұмыс істегендер: В.С.Киселева, Ф.Я.Колер, А.Құтпанбаева, Н.Ысқақова, Ж.Төлегенова, Р.Әкімжанова, Ж.Мамытбекова, Г.Байтемірова, Ф.Шепеева, Г.Біржанова.

Бөлімде неврологиялық науқастарға білікті арнаулы қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған.

А.А.Абдримов ұжым арасында да, пациенттер арасында да үлкен құрметке ие.