Жүйке-жүйе хирургия бөлімі

Бөлім меңгерушісі – Мамарджанов С.И., жоғары дәрежелі дәрігер.

Нейрохирург - Бейсенов Б.О., жоғары дәрежелі дәрігер.

Нейрохирург - Ордабаев Р.О., бірінші дәрежелі дәрігер.

Бөлімшеде:

  1. Бас миының жарақаттарына және ауруларына оталар ( бас сүйектерінің сынулары, бас-ми ішілік және инсулттік қан құйылулар, мидың ісіктері және кисталары) жасалынады.
  2. Омыртқа-жұлын жарақаттарына және ауруларына оталар ( омыртқалардың сынуы, омыртқааралық дискілердің жарығы, жұлынның ісіктері) жасалынады.
  3. Омыртқаның гемангиомалары, метастаздары және остеопороздарында полиативті оталар ( вертебропластика) жасалынады.

Тарих

Алғаш рет Алматы облысында нейрохирургия арнаулы бөлімі Алматы облыстық клиникалық ауруханасында 1994 жылы ұйымдастырылды, онда 35 төсек-орын болды, меңгерушілікке Темірхан Қалиұлы Мұқанов тағайындалды. Бөлім құрамында дәрігер-ординаторлар Бауыржан Орынбасарұлы Бейсенов, Қайрат Қапсадықұлы Омарбаев жұмыс істейді.


1994 жылдан бастап бөлімде тәжірибелі дәрігер-нейрохирургтар Серік Қуандықұлы Телғозиев, Серік Ілиясұлы Мамаржанов, Рамиль Шәмілұлы Танкечеевтер еңбек етті. Нейрохирургия бөлімін 1995 жылы қысқа мерзімде Б.О.Бейсенов басқарды. 1995 жылы бөлім меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты Виктор Васильевич Крючков тағайындалды. Осында жұмыс істеп жүріп, клиника материалы негізінде Виктор Васильевич 1998 жылы Москва қаласында докторлық диссертация қорғады. Бөлім меңгерушісі қызметін атқара жүріп, В.В.Крючков ұйымдастырушылық және емдеу диагностикалық жұмыстарын атқарды, нейрохирургиялық патологияға шалдыққан ауруларды жедел емдеу методикасын жетілдірді, сондай-ақ дәрігер кадрларды дайындауға үлкен үлес қосты. 2001 жылы В.В.Крючков АМДЖИ нейрохирургия кафедрасына ауыстырылып, сол кафедраның профессоры болып тағайындалды. Қазіргі кезде консультант болып жұмыс істеп жүр.


2001 жылдан бастап бөлімді Серік Ілиясұлы Мамаржанов басқарады.


Нейрохирургия бөліміне облыстың барлық ауданынан жедел әкелінген сырқаттар, сондай-ақ жоспарлы түрде емделетін бас миы мен омыртқаның түрлі нейрохирургиялық патологиясына ұшыраған аурулар жатқызылады. Бөлім дәрігерлері тәулік бойы Алматы облыстық оңтүстік аймағынан келгендерге жедел жәрдем көрсетеді. Бөлім дәрігерлері әр кез республикадағы және шетелдердегі түрлі базаларда (Новосибирск қ., Москва қаласындағы Бурденко атындағы ҒЗИ-да, ҚазМДЖИ-де) кәсіби білігін көтеріп тұрады.

Бөлім қызметкерлерді әлденеше рет медальдармен, мадақтау қағаздарымен марапатталды. Дәрігер Б.О.Бейсенов 2011 жылы Москва қаласында «Гиппократ» орденімен, «Н.И.Пирогов» орденімен марапатталды. 2011 жылы «Алтын дәрігер» кеуде белгісін, 2012 жылы «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісін алды.

Бөлімде жоғары білікті дәрігерлер еңбек етеді. Олар мидың травматикалық зақымдалуы кезінде бас және омыртқа миларына жедел операциялық араласу әдістерін, ми зақымдануының ауыр да жеңіл түрлерін консервативті емдеуді меңгерген. Шұғыл операциялар жасаумен қатар, бөлімде жоспарлы түрде бас сүйегінің зақымдалуынан кейін қалпына келтіру операциялары да жасалады. Түрлі көлемдегі бас сүйегінің кемістігіне пластикалар қойылады. Нейрохирургия кафедрасының қызметкері профессор В.В.Крючковтың және доцент Т.К.Мұқановтың, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі С.І.Мамаржановтың, аға ординатор Б.О.Бейсеновтің басшылығымен АМКА дәрігер хирургтері эпидуралдық, субдуралдық және миішілік қан ұю кезінде, бас миының ісігіне байланысты, мойын, кеуде, бел омыртқалары шыққан кезде, алдыңғы денеаралық спондилодезге жедел операциялық араласуды жүзеге асырады.


2010 жылдан бері бөлімде хирургиялық көмекті жоғары біліктілік дәрежесінде көрсету талабы енгізілген. Жыл сайын 50 адамға жоғары сапалы медициналық көмек қызметі көрсетіледі. Қазіргі уақытта бөлімде нейрохирургия бойынша арнаулы мамандық пен біліктілік дайындығынан өткен Р.О.Ордабаев, К.Ж.Ендеев сияқты жас дәрігерлер өкілдері еңбек етеді.


Болашақта мыналарды жүзеге асыру жоспарланып отыр: бас миының тамырлық патологиясы және ісігі жөніндегі, омыртқаның дегенеративтік дистрофиялық зақымдануы және омыртқаның және жұлынның дамуындағы аномалиялар жөніндегі нейрохиругияны одан әрі зерттеу, омыртқа миы жұлынның ісіктері микрохиругиясын және омыртқа ауруларын емдеудің консервативтік әдістерін жетілдіру.