Кардиологиялық бөлімшесі

Жетекшісі

Кардиология бөлімінің меңгерушісі жоғары дәрежелі кардиолог дәрігері Пархатова Г.А. кардиология бөлімін 2012 –жылдан меңгеріп жатыр.

1991- жылы медицина институтын бітірген. 15 мақаласы жарық көрді. Аудандық емханаларда кеңесші қызметін атқарады. 24 жылдық еңбек өтілі бар. «Гиппократ » Денсаулық сақтау үздігі төсбелгісімен марапатталған.

Бөлім туралы

Кардиологиялық бөлім Алматы облыстық клиникалық емхана ашылғаннан бастап жұмыс істейді. Бөлімшеде 35 төсектік орын бар. Бөлімше тұрғындарға жоғары мамандырылған және мамандырылған, кардиологиялық шұғыл және жоспарланған саналы көмек көрсетеді.

Біздің аурухана Асфендияров атындағы ҚазҰМУ –ң клиникалық базасыболып табылады.

Базалық бөлімшеде екі кафедра жұмыс істейді.

Ішкі аурулар және интернатура С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бөлімі.

2012 жылдан бастап жоғары дәрежелі дәрігер Наринбаев Аскар Салимовичтың басшылығымен AMKБ негізіндерентген сəулелерін ангиохирургиялық әдісімен емдеу бөлімі ашылған. Тәулік бойы өткір коронарлық синдром бойынша медициналық көмек көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметтер

Науқастарға ерекше назар аудару, жоғары дәрежеде қызмет көрсету, бөлімше персоналдарының ерекше қасиеттері болып табылады. Кардиология бөлімінде негізінен көптеген дәрігерлер жоғары дәрежелі.

Бөлімше жүрек ырғағының бұзылуына қауіп төндіретін науқастарды емдеу үшін әлемдік стандартқа жауапты, қазіргі заманауи ақпараттық қызмет көрсететін жабдықтармен қамтамассыз етілген.

* диагностика,дифференциалдық диагностика және емдеу

  • Миокардиттер
  • перикардиттер
  • кардиомиопатия
  • ишемиялық жүрек ауруларының барлық түрлерін емдейді.
  • жүрек жеткіліксіздігі
  • ЖИА , гипертония және қант диабеті сәйкестігін емдеу мүмкіндіктері бар

Емдеу мүмкіндіктері

  • Медикаментоздық (жеке медициналық фармакотерапиялық таңдау)
  • ЖИА эндоваскулярлық емдеу
  • Баллонды ангиопластика коронарлық артериясы
  • коронарлық стентирлеу артериясы
  • Бүйрек артерияларының катетер симпатикалық денервациясымен ауыратын науқастардың рефрактерлік артерия гипертензиясы
  • Уақытша және тұрақты Электрокардиостимулятор

Байланыс ақпараты
Мекен жайы:Алматы қаласы Демченко көшесі 83
Телефон 399-38-50

Тарих

Бұл бөлім аурухана алғаш жұмыс істей бастаған күннен пайда болды. Бірінші терапевтік бөлімшені ұзақ жылдар бойы ҚазССР-не еңбек сіңірген дәрігер И.Б.Колосовская меңгерушілік етті. 1997 жылдан бастап бөлім меңгерушісі қызметін В.П.Гудкова атқарды. 1990 жылдан бастап бөлім меңгерушілігіне жоғары дәрежелі кардиолог дәрігер А.В.Көпбаева келді.

Біздің аурухана Асфендияров атындағы ҚазММУ-дің клиникалық базасы болып табылады. Қазір бұл бөлімше қарамағында 4 кафедра жұмыс істейді. Емханадағы қызметімен қатар бөлімше дәрігерлері университет кафедраларында болашақ дәрігерлермен өз тәжірибесін бөліседі. 1975 жылы бас медбике болып жұмыс істейтін Х.Қоңырбаева болашақ медбикелерге теңдесіз тәлім-тәрбие беруде.

Әлемде қан айналым жүйесі аурулары мен кісі өлімі көбейіп кеткендіктен біздің үкіметіміз де бұл салаға ерекше назар аударып, жүрек ауруы науқастарын емдеу және профилактикалық жұмыстарға ірі көлемде қаражат бөлуде. Сондықтан да біздің қызметкерлеріміз облыс халқына арнаулы медициналық көмек көрсету жауапкершілігін терең сезінеді. Біздің клиникамыз заманауи медициналық құралдармен және толық жабдықталған зертханамен қамтамасыз етілген. Жылына бөлімше 1 500-ден аса науқасқа қызмет көрсетеді. Азаматтардың денсаулығына диагностикалық анықтама қою үшін ЭКГ, ЕХОКГ, ангиография, бронхоскопия, клиника-биохимиялық сараптау жұмыстары жүргізіледі. Бөлім дәрігерлері өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі көтеріп, халықаралық конгрестер мен симпозиумдарға тұрақты қатысады. Атап айтқанда, бөлім меігерушісі А.Б.Көпбаева халықаралық конгрестің делегаты болып, Мәскеу, Ташкент, Юрмала, Париж, Дубай, Астана қалаларында өткізілген медициналық ірі басқосуларға тұрақты қатысып жүр.

Ұжымда 15 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Г.А.Фархатова, А.Молдабекова, В.Құдабаева секілді жас дәрігерлер қызмет етеді. Олар облыс көлеміндегі дәрігерлерге тәулік бойы ақыл-кеңес беру және методикалық-ұйымдастыру шараларында көмек көрсетіп тұрады.