Хирургиялық бөлімшесі

Алматы қаласында орналасқан Алматы көпсалалы клиникалық ауыруханасының хирургия бөлімі 35 төсек орынға арналған.

Бұл бөлімде 2 медицина ғылымының кандидаты, 5 жоғарғы дәрежелі хирургтар, 2 бірінші дәрежелі, 5 екінші дәрежелі хирург дәрігерлер жұмыс істейді.

Бөлімді жоғарғы дәрежелі хирург Рахимов Нұрлан Исаділұлы жетекшілік етеді.

Ауырухана кәзіргі талапқа сай қажетті медициналық құрал – жабдықтармен қамтылған (КТ, УДЗ, ФГДС, қан тамырларын тексеретін УЗДГ, ангиография, фиброскан, т.б.)

Ауыруханада арнайы кәсіби күрделі операциялар жасалады.

Атап айтқанда:

  • Қан тамырлар ауыруларына арнайы протездерді қолданумен күрделі арнайы операциялар жасалады.
  • Кеуде қуысының эхинококкозына жасалатын және өкпе ауырулары кезінде торокоскопиялық операциялар.
  • Бауыр және өт жолдары ауыруларына лапароскопиялық операциялар.
  • Тоқ ішек, ащы ішек ауыруларының барлық түрлеріне жасалатын операциялар.
  • Тоқ ішек, тік ішек ауыруларына проктологиялық операциялар, атап айтқанда геморройға, күрделі жылан көздерге (свищ), т.б.

Тарих

Біздің аурухананың 60 жылдық мерей тойына хирургия бөлімінің ұжымы ауқымды жетістіктермен келіп отыр.

Осы тұрғыда біз ерең еңбек етіп осы ұжымға айтарлық-тай үлес қосқан азаматтарды ықыласпен еске түсіріп олардың ерең еңбегін атап айтып кетпесе болмас.

Ең алғашқы хирургия бөлімінің Колосовский Николай Петрович басқарған, көптеген ұйымдастыру жұмыстарына бас қол болып, ұжымға да өзіне де қатаң талап қоя білетін маман хирург ретінде есте қалды.

1975 жылдан 1980 жылдар аралығында бөлімді Ибрагимов Ахмет Ибрагимович жетекшілік етті. Оның кезінде хирургия бөлімі ауыз біршілігі мықты, белсенді, коллектив орнына лайықты сияқты болды.

1980 жылдан 1982 жылға дейін бөлімді м.ғ.к. Меденов Карим Меденұлы басқарды. Ол өзінің адалдығымен талаптылығымен үлгі болды. Карим Меденович жұмыс істеген уақытты хирургия бөліміне асқазан аурулары емінің көптеген жаңа тәсілдерін енгізді.

1983 жылдан 1991 жылдары кезінде жұмыс істеген м.ғ.к. жоғарғы дәрежелі хирург дәрігер Кәрібжанов Қалмухан Кәрібжанұлы ұлы ұжым мүшелерінің есінде ақкөңіл, әріптестерінің мұң-мұқтаждарына шын жанашырлықпен қарайтын маман ретінде жақсы пікір қалыптастыра білді.

1991 жылдан 1994 жылға дейін ұжымды Мусин Темирбулат Бейсенұлы басқарған кезде оның хирургия саласында білімінің молдығы, парасаттылығы, адамдарға және өзіне қатал талап қоя білетін.

1995-2007 жылдары бөлімді Алмамбетов Амирхан Галиханұлы басқарды, ғылым мен өндірісті ұштастыра білді, осы аурухананың материалдарын іске асыра отырып докторлық диссертация қорғады, оның жетекшілігімен бөлімдегі 4 –хирург дәрігер кандидатттық диссертация қорғады, кейіннен А.Г. Алмамбетов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің бас хирургі жұмысына ауысты. Сурет №

Әр жылдарда бөлімшені м.ғ.к. Кенжебеков Е.Т., жоғарғы дәрежелі хирург Шакиров С.М., Азешов С.А., Утетлеуов А.М. жетекшілік етті.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының негізінде С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ профессор Оспанов жетекшілік ететін госпитальді хирургия кафедрасы орналасқан.

Аурухана дәрігерлері олармен бірлесе жоғарғы ғылыми жұмыстарға атсалысады.

Клиникада қазіргі замана талабына сай емдеу-диагностикалық эндоскопиялық тәсілдер қолданылады.

  • Лапароскопиялық хирургия

  • Диагностикалық лапароскопия