Гинекологиялық бөлімшесі

Гинекология бөлімі 16 төсекке арналған.

Бөлім меңгерушісі Иманалиев Даурен Жумазыұлы-бірінщі дәрежелі дәрігір.

Бөлімде бес дәрігер акушер – гинеколог жұмыс жасайды,олардың екеуі екінші дәрежелі дәрігер.

Бөлімшеде төмендегідей манипуляцалар жасалынады:

  1. жатыр ішілік сперальді алу,
  2. видеокольпоскоптық тексерулер жүргізіледі видеокольпоскоп аппараты арқылы.

Тәулік ішінде бөлімшеге жедел және жоспарлы түрде түскен барлық науқастарға төмендегідей ота түрлері жасалынады: жатыр миомасын алу, консервативтік миомаэктомиялар ,жатыр миомасы бар науқастарға жатыр артерияларын эмболизациялау арқылы мүшені сақтау оталары жасалынады және де кіші кесір тілігі, аналық без өспелерін алу, инвазивті операциялар, пластикалық опталар жатыр мен оның қосалқыларының, төмен түсуінде, әр түрлі лапароскопиялық оталар жасалынады.

Тарих

Алғаш Алматы облысында гинекология бөлімі 1967 жылы 40 орындық бөлімше болып ашылды. Оның алғашқы меңгерушісі А.П.Давыденко еді. Медбике А.И.Лоскутова, санитар М.П.Просвярикова секілді облысқа еңбегі сіңген білікті мамандар Давденконың қарамағында елеулі еңбек сіңірді.

1970 жылы облыстық гинекология бөлімшесі базасында Алматы облысы үшін АГМИ институтының арнайы интернатурасы жабдықталды. А.З.Анцупова, У.Д.Кілтбаева, Ч.А.Сармолдаевалар оның алғашқы интерн дәрігерлері болды. Олар интернатураны үздік тәмамдағаннан кейін облыстық клиникалық ауруханада қызметке қалдырылды.

1979 жылдан 1982 жылға дейін М.М.Мун басқарып тұрғанда И.А.Штинова, Н.И.Комлева, Н.Д.Иделбаева, А.А.Ивашкина, А.З.Анцупова, В.Ходорковский, У.Д.Кілтбаева, Ч.А.Сармолдаев секілді ординатор дәрігерлер жұмыс істеді.

1982-1994 жылдар аралығында Ч.А.Сармолдаева меңгеруші болып қызмет атқарып, кейіннен аурухана басшысының бірінші орынбасары, одан соң облыста және Алматы қаласында елеулі еңбектер атқарып Л.С.Каюпова, В.С.Локшин, А.Э.Мереева, А.Н.Қожахметовалар медицина ғылымының докторы, ал Т.Б.Құлманова, А.А.Хамзина, С.Г.Лукушева, Ч.А.Сармолдаевалар медицина ғылымының кандидаттары атағын алды.

1988 жылы облыстың бас акушер-гинекологы болған К.Р.Мамбетованың тұсында жүкті әйелдер мен гинекологиялық сырқаттарды тексеруге арналған «Мультивизор» УЗИ аппараты ұйымдастырылды. Қазір бұл жұмысты акушер-гинеколог Т.М.Шишкина атқаруда.

1994 жылдан бастап гинекология бөлімі перинаталды орталық құрамын Н.Д.Иделбаева басқарып тұрғанда ординатор дәрігерлер З.Ж.Нұрахметова, А.Б.Сексеновалар қызмет етті.

Гинекология бөлімінде негізінен облыстың барлық аймағынан түскен ауыр халдегі сырқаттар ем қабылдады.

1999-2011 жылдар аралығында бұл бөлімнің урогинекологиялық сырқаттарға арналған 25 орынның 15-інде гинекология, 10-ында урологиялық сырқаттар емделді. Бөлімде 1999 жылдан 2002 жылға дейін З.Ж.Нұрахметова меңгеруші болып қызмет атқарды. Оның қарауында Г.К.Қадірсізова, Г.К.Жексембаева, Р.Г.Мұсаева, Ж.Р.Анетова, А.А.Назарбаева, Г.С.Жұмаддулаева, Т.М.Мұртазалиева, А.К.Рабатова секілді ординаторлар еңбек етті.

2012 жылы бөлім 16 орындық етіліп ықшамдандырылды. Қазіргі таңда бөлім меңгерушісі Г.С.Жұмадуллаева, ал бас медбике қызметін ұзақ жылдан бері гинекология бөлімінде еңбек етіп келе жатқан Б.А.Қонқасова атқарады.

Бұл бөлімде А.Н.Никонов, А.Н.Чупин, З.С.Сайлау, Д.Д.Ким, Д.Ж.Иманалиева, Р.Б.Керімқұлова, С.Ф.Нәбиева секілді жас акушер-гинекологтар мен медбикелер жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда гинекология бөлімінде жоғары сапада мамандандырылған оталар жасалуда. Оталардың хирургиялық қабілеттілігі 64,4 пайызды құрайды.