Гемодиализ бөлімі

Гемодиализ бөлімінің менгерушісі Кағазбаева Майра Мусақызы 1-ші дәрежелі дәрігер нефролог.

Гемодиализ үжымында 4 дәрігер нефролог, аға мейірбике Алыбаева Жаухар Абдыкәрімқызы.

6-медбіке, 3 меір аға,4 кіші меіркеш және техник жұмыс істейді.

1991 жылы тұнғыш рет облыстық клиникалық ауруханың реанимация қурамында гемодиализ бөлімі ашылды.

Қазіргі таңда гемодиализ бөлімінде 10 аппарат жумыс істеуде.

Асқынған бүйрек жетіспеушілігіне душар болған 60 наукас аптасына 2-4 гемодиализ сеансын алады. Шамамен айына 700 гемодиализ емі қабылданады.

Осы бөлімнін ашылуымен жумыс істей арқасында біздің дәрігерлер 100 деген адамның өмірін сақтап калды,олардың босанған аелдерде бар.

2011 жалдан бастап ішкі ағзадағы қан қурамын анықтайтын арнайы суықтықтар арқылы тазартатын перитониальды диализ тәсілі еңгізілді, тағыда 2015 жылдан бастап қанды ультракүлгін сәулемен (УФО), тамырішілік лазерлік куйдіру секілді экстра корпоральды детоксикация тәсілін қолданды,(Матрикс ВЛОК 0,635мкм).

Гемодиализ бөлімінің меңгерушісі Кағазбаева Майра Мусақызы 1-ші дәрежелі дәрігер нефролог, 14-жылдан бері осы бөлімінде еңбек етуде.

Дәрігер нефрологтар Нуралиев М,А Гилев П,Н Оразаева Д,Ш Баяшев Б,Б буйрек күтімімен емі туралы халыкқа насихат жургізіп келеді.

Жоғары дәрежелі аға мейірбике Алыбаева Ж,А осы бөлімінде енбек етіп,әкімшілік уйымынан Улгілі мейірбике марапатына иеленді.

Бөлім қызметкерлері мен дәрігерлері емделушілер тарапынан алғыстарга ие.

Тарих

Ел ішінде жылдан жылға бүйректің созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын кісілер саны артқан сайын облыстық денсаулық сақтау басқармасы алдында осы дертке қарсы арнаулы бөлім ашу мәселесі тұрды. 1991 жылдың қарашасында тұңғыш рет облыстық клиникалық аурухананың реанимация құрамында гемодиализ бөлімі ашылды.

Аталмыш бөлімнің ашылуына аурухананың бас дәрігері Б.Е.Жубашев, реанимация бөлімінің меңгерушісі М.Ж.Бүлдекбаев, нефролог-дәрігер М.А.Нұралиевтер ықпал етті. Гемодиализ ісін жүргізу үшін Ресейде жасалған «жасанды бүйрек» деп аталатын 5 аппарат алынды. Құрамында дәрігер, медбике және санитар қызмет етті. Алғашқы жылдары реанимация және гемодиализ қызметкерлері гемосорбция, плазмофорез, қанды ультракүлгін сәулемен тазарту (УФО), тамырішілік лазерлік күйдіру секілді экстракорпоральді дектосикация тәсілін қолданды. Қайта құрудың алғашқы жылдарындағы қиыншылықтарға қарамастан 1995-2002 жылдары ағзаны жүйелі түрде тазартатын германиялық «Фрезениус» аппаратын алу жөнінде шешім қабылдады. 2010 жылы лизингтік жүйе бойынша «Гамбра» италиялық фирмасының 8 «жасанды бүйрек» аппараты сатып алынды. Бүгінгі таңда гемодиализ бөлімінде 12 аппарат жұмыс істеп тұр. Асқынған бүйрек жетіспеушілігіне душар болған 100 науқас аптасына 2-4 гемодиализ алады. Шамамен айына 1100 гемодиализ емі қабылданады. Осы бөлімнің ашылуы мен жұмыс істеуі арқасында біздің дәрігерлер жүздеген адамның өмірін сақтап қалды. Олардың арасында босанған әйелдер де бар.

2011 жылдан бастап ішкі ағзадағы қан құрамын арнайы сұйықтықтар арқылы тазартатын перитониалды диализ тәсілі енгізілді. Қазірде бөлімде 4 дәрігер, 12 медбике, 5 санитар, инженер және техник жұмыс істейді.

30 жылдық еңбек өтілі бар жоғары дәрежелі нефролог-дәрігер М.А.Нұралиев осы бөлімнің меңгерушілік қызметін атқарды. Дәрігер М.М.Қағазбаева, С.А.Омартаев, Б.Әбдірешевтер бүйрек күтімі мен емі туралы жалықпастан халыққа насихат жүргізіп келеді. Д.Қадамова, Э.Әмірбекова, Б.Таңатарова сияқты медбикелер өз қызметтеріне адал. А.Сақаева, З.Домбаева, М.Идришова секілді кіші медицина қызметкерлері тәжірибе жинақтауда.

Бөлім қызметкерлері мен дәрігерлері емделушілер тарапынан алғысқа ие.