Гастроэнтерологиялық бөлімшесі

Ішкі ағза ауруын емдейтін бөлім

Ішкі ағза ауруын емдейтін бөлім Алматы облысының ең негізгі емдік орындарынын бірі болып табылады. Бұл бөлімшеде облыстың барлық тұргындарына тәулік бойы мамандандырылған жоғары сатылы, өтел және жоспарлы көмек түрлері: гастроэнтерологиялық, эндокринндік, гематологиялық , токсикологиялық науқастарға көрсетіледі. Көпсалалы аурухана базасында орналаса отырып және де оның материалды-техникалық негізіне бекіне отыра, біз мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсетеміз.

Көп жылдар еңбек ету барысында, соңғы ғылыми әзірлемерлерге сәйкес құрылған диагностика және емдеу тәсілдері, курделі категориядағы науқастарға және олардың қосалқы патологиясын емдеуге мумкіндік береді. Бұл жерде көрсетілетін көмекті тұйықталған цикл десекте болады: науқасқа амбулаторлы көмектен бастап, стационардағы барлық бөлімдерінен кеңес пен параклиникалық және физиотерапиялық көмек көрсетіледі.

Бөлімшеде жоғары санатты дәрігерлер жұсыс жасайды: бөлім меңгерушісі Алимбетова М.С., врач ординатор Сабирова Р.Р. Олардың көп жылдық жұмыс тәжірбиесі, қабылданған диагностика және емдеу стандартына сай жоғары деңгейде көмек етуге мүмкіндік береді.

Бөлімшеде мамандандырылған көмек мынандай науқастарға көрсетіледі: қышқылға тәуелді асқазан ішек трактсінің аурулары - эрозивті – ойықты өңеш, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара аурулары, постгастрорезекциялық синдром; бауыр аурулары ( алкогольные гепатиты, циррозы, стеатогепатиты ), созылмалы панкреатиттер, әсіресе ауыр түрлері : биллиарлық панкреатит , ішек аурулары: язвенный колит және Крон ауруы, дисбактериоз. Гастроэнтерологиялық науқастармен қоса бөлімшеде эндокринологиялық (сахарный диабет, қалқанша мен бүйрек үсті без ауруларына), гематологиялық токсикологиялық ауруларына диагностикасы мен емдеу шаралары жүргізіледі.

Осындай көмек етуге стационарда диагностикалық база бар, олар мынандай аппаратуралармен жабдықталған: іш-қуыс органдарын ультраздыбысты тексеру, компьютерлік томография, асқазан мен ішек биопсиясы, эластометриялық бауыр тексеруі- фиброскан аппаратымен, эндоскопиялық тексерулер (эзофагогастродуеденоскопия, ректомоноскопия), биохимиялық қан зерттеулері және де басқалары).

Бөлімде науқастарды емдеу негізінде жаңа заманауи дәрілерді пайдаланамыз. Атап айтсақ: протон помпасының ингибиторлары, гепатопротекторлар, интраөңешті емдеу, балансирленген энтеральды және параэнтеральды қоспалар, аминқышқылдары сұйықтары және де басқа препараттар, антиоксиданты, антигипооксиялық, метаболикалық және детоксиялық қасиетімен танымал, биологиялық препараттары (ремекейд, симпони), қант диабетіне арналған, қан аурулары препараты. Барлық препараттар тек талқыланған соң енгізіледі.

Бөлімше қызметкерлері өздерінің негізгі жұмыстарынан басқа, белсенді түрде ғылыми жұмыстармен айналысады. Ай сайын Казахстандық және Россия мемлекетінің медициналық журналдарын алып оқиды. Апта сайын реферативты мәліметтер айтып отырады. Кафедра қызметкерлерімен бірге және фармацевтикалық фирма қолдаумен Алматы облысының дәрігерлеріне: терапевтер, гастроэнтерологтар, жалпы парктикалық дәрігерлерге Ғылыми- практикалық конференция өткізіп тұрады. Емдеу, тексеру нәтижесі жыл сайын Алматы облысында өтетін ғылыми – практикалық конференцияларда, конгресстерде, съездерде и халықаралық конференцияларда баяндалады.

Тарих

Бұл бөлім де Алматы облыстық клиникалық аурухана жұмыс істей бастаған күннен бастап 20 орындық бөлімше ретінде халыққа қызмет көрсете бастады. Аурухана ашылған күннен бастап және осы уақытқа дейін 1968-81 жылдар аралығында Л.С.Немцова, 1985-89 жылдар аралығында А.С.Есикеев, 1989-2005 жылдар аралығында К.К.Ташеновалар бөлім меңгерушілігі қызметін атқарды. 2003 жылдан бастап қазіргі күнге дейін жоғары дәрежелі дәрігер М.С.Әлімбетова осы бөлімнің меңгерушісі болып қызмет етіп келеді. Өзінің басшылық қызметінен өзге М.С.Әлімбетова ғылыми-зерттеу ісімен айналысып м.ғ.д., профессор Р.И.Семеновадан тәлім алуда. Ондаған ғылыми жұмыстардың авторы. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Гиппократ» медальдарының иегері. Тату да үлкен ұжымда дәрігер Р.Р.Сабирова 1994 жылдан бастап жұмыс істесе, бас медбике З.Д.Мәткерімова 1973 жылдан бері талмай қызмет етіп келеді.

Бөлімдегі науқастарды м.ғ.д., профессор Б.С.Искаков пен м.ғ.к., доцент А.Б.Данышпановалар күнделікті тексеріп, ақыл-кеңесін береді. Гастроэнтерологиялық бөлім Алматы облысы тұрғындарына күнделікті, тәулік бойы арнаулы мамандандырылған және жоспарлы көмек көрсетіп, медициналық қызметін аямайды.

Бөлімде асқазан-ішек жолдарының қышқылға тәуелді аурулары, асқорыту жолының эррозия-жарасы, Баррета дерті, асқазан ауруына ұшыраған және тағы басқа сырқаттарға арнайы мамандандырылған көмек көрсетіледі. Бұл үшін жан-жақты жабдықталған диагностикалық база қалыптасқан. Біз іш құрылысты ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, гастроскопия, ас қорыту жолдарының кешенді тексеруін фиброскоп аппараты, эндоскопиялық тексеру, қанның биохимиялық құрамын және асқазан сөлін зерттеу арқылы анықтаймыз. Зерттеу нәтижелері Алматы облысы терапветерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясында жылма жыл жарияланып тұрады. Облыс жұртшылығына медициналық қызмет көрсетумен қатар гастроэнтеролог дәрігерлерге ғылыми жұмыстармен де айналысуға мол жағыдай жасалған.